Бағдарламаның басты мақсаттары

Скачать

"Қоршаған орта" авторлық бағдарлама
Бағдарлама мазмұны.
1. Түсінік хат
2. Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар.
3. Күнтізбелік жоспар.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Түсінік хат.
1 – 4 сыныптарға арналған Қоршаған орта бағдарламасы мемлекеттік стандарт талаптарына негізделіп құрастырылды.
Бастауыш сынып қоршаған ортасы бүгінгі талапқа сай Дүниетану курстарына қосымша білім беруге бағытталған.

Бағдарламаның басты мақсаттары:
1. Оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
2. Оқушыларға қоршаған ортаның бір – бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.
3. Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны құрастыруда 1 - 4 сыныптар бойынша қамтылған білім жиынтығы былайша топталған.

1 – сыныпта - қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым – қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір - бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.

2 – сынып бойынша – адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой - өрістері дамытылады.

3 – сыныпта – адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.

4 – сыныпта – оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.
Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.

Әрбір курсты аяқтауы табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.

Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар.
1 - сынып бойынша оқушылар:
- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды;
- табиғаттағы заттарды, өсімдіктер мен жануарларды;
- ауа, су, топырақты ажыратып олардың адам үшін қажеттілігін;
- адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс.

Оқушылардың біліктілігі:
- табиғаттағы заттарды (өлі және тірі заттар) ажырата білу;
- ауа, су, топырақты ажырату және олардың пайдасы туралы айтып бере алу;
- өсімдік пен жануарларды ажыратып, олардың адам үшін қажеттілігін іс жүзінде білу.

2 – сынып бойынша оқушылар:
- өзінің тұрған үйін, мекенінің тазалығын, жеке басының гигиенасын сақтауды;
- ірі құрылыстар, көліктердің түрлері, мектеп т. б. мекемелер туралы;
- тұрған мекенінің айналасындағы табиғат құрауыштарын, азық – түлік сапасын, айнала мен көше тазалығын сақтауды;
- үй және жабайы жануарларды ажыратып, олардың адам өміріндегі маңызын білулері тиіс.


Скачать


zharar.kz