Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру

Скачать

Алгебра
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері
Мақсаты:
1. Білімділік: Берілген аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмімен таныстырып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, интерактивті технологияны қолдана білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелілік: Өз жетістігін бағалай білуге, өз бетінше жұмыс жасауға іздене білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: жеке, топтық, практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, интерактивті тақта, компьютер
Пәнаралық байланыс: информатика, тарих.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Ой қозғау
ІV. Мағынаны тану.
Білімдіге – биіктен орын
V. Ой толғаныс
VI. Кім жылдам?
VII. Үй тапсырмасы:
VІІІ.. Қорытынды

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру. (№290, 296 есептерінің жауаптарын ауызша оқыту)
Сәйкестендіру кестесі (Функцияны зерттеп оның графигін салу алгоритімін ретімен орналастыру)
Функцияны зерттеп оның графигін салу алгоритмі
1 Функцияның жұп, тақ және периодты екенін анықтау
2 Функцияның анықталу облысын табу
3 Функция графигінің координаталар осімен қиылысу нүктелерін анықтау
4 Функция графигін салу
5 Функцияның салынған графигін қолданып, оның мәндер жиынын жазу
6 Функцияның асимптоталарын табу
7 өсу және кему аралықтарын, экстремумдарын анықтау
8 Таңба тұрақтылы аралықтарын табу
9 Кесте құру


Скачать


zharar.kz