Денсаулық - бар байлығың басыңдағы, Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Скачать

Тақырыбы: Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Мұғалімдер арасында тренинг
Мақсаты:
Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,
бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Тренинг ережесі:
- Сөзді бөлмеу
- Бір - біріне кедергі жасамау
- Бірігіп жұмыс істеу
- Намысқа тимей өзгенің пікірін сыйлау
- Күлімсіреу
- Кешікпеу
Түрі: Тренинг
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, шар, плакат, боя қаламдар,
Қатысушылар: Мұғалімдер

Барысы:
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін - өзі сыйлағаны. Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең – дей келе бүгінгі
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі атты тренингке қош келдіңіздер!
І. Стол резюмесі танысу тренингі
Әр топ өздерінің жақсы ерекшеліктерін және жетістіктерін айтып таныстырады. т. б.

ІІ. Мюнстерберг әдістемесі
Мақсаты: Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты - 2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Рахмет. Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер және сөздерді
таба білдіңіздер
Талқылау: Ең көп сөз құраған кімдер?


Скачать


zharar.kz