2016 - 2017 оқу жылындағы Аналар мерекесіне арналған жалпы мектепішілік мерекелік бағдарлама
Сыныптар: 1 - 9 сыныптар
14. 50 – музыка жіберу
15. 00 – фанфары жіберу.
Жоспары:
Спорт залды безендіру, дайындау.
Мектеп директорының құттықтауы
Мерекелік бағдарлама
Фанфар жіберіледі.
1 - жүргізуші:
- Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Еліміздің президентінің ұсынысымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Аналар мерекесі болып жарияланды, осыған орай мектебімізде бүгінгі Аналар мерекесі - өте керемет күн! атты мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші: Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Твои руки снова
Возвращают в детство,
От любой печали
Ты находишь средство.
Моя благодарность
Тебе безгранична.
Если ты смеешься,
Значит, всё отлично!
2 - жүргізуші: Аналар күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
4 В сынып оқушылары Мамочка моя милая!
Мамочка, мамулечка моя,
Ты достойна в мире всех наград,
С праздником, милая, тебя,
Пусть все ангелы тебя хранят.
Будь, родная, счастлива всегда,
Чтоб здоровье было крепче стали,
Чтоб тебя не старили года,
И заботы чтоб не огорчали.
Только радость новый день дарил,
И цветов любимых целый ворох,
Чтоб тебя всегда боготворил,
И был рядом тот, кто тебе дорог!
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Каримжанов Бахриден Сарбасұлына береміз.
1 - жүргізуші:
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы Бала тілегі атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Ән Бала тілегі
2 - жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың биі
Боз жорға , қабыл алыңыздар.
Всегда легко обидеть мать,
Она обиду не заметит.
И только может вам сказать -
"Не простудись, сегодня ветер".
Любите люди матерей,
Им в этой жизни мало надо -
Любовь и преданность детей
Для них превысшая награда!
4 А - 5 А сынып оқушыларының орындауында би Боз жорға .
1 - жүргізуші:
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Ортаға көркем сөз оқудан келесі оқушыларды шақырамыз Ержанова Әсем, 6 В сынып оқушылары шығады.
2 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.
5 Б сынып оқушыларының орындауында Мамина улыбка әнін қабыл алыңыздар!
Ән: Мамина улыбка
9 Б сынып оқушылары ойын жүргізеді. ____________________________
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
1 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі заман биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте би, танец Поворята , қабыл алыңыздар!
Би: Поворята
Мама - это значит нежность,
Это ласка, доброта,
Мама - это безмятежность,
Это радость, красота!
2 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада 6 Б сынып оқушыларының орындауында Танец Мама қабыл алыңыздар.
Би: Мама
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай _______________
1 - жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Құлпыра бер нар гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте 4 А сынып оқушыларының Қара жорға биін қабыл алыңыздар!
Би: Қара жорға .
3 Г сынып оқушысы Елюбаева дариға Гүлдерайым әнін қабыл алыңыздар.
Флешмоб 8 А - 9 А сынып оқушыларының атынан Самая, самая биін қабыл алыңыздар!
2 - жүргізуші:
- Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!