Математиканың жанкүйерлері

Скачать

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Тәлімдік.
Көрнекілік:Интерактивті тақта.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін өткізіліп отырған 9 – сынып пен 10 – сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа қош келдіңіздер!

Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 9 –сынып оқушыларынан құралған Архимед тобын және
10 – сынып оқушыларынан құралған Пифагор топтарын шақырамыз.

Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II. Зерделілер сайысы
III. Кім көп біледі? (сұрақтарға жауап беру)
IY. Формулаларды білесің бе?
Y. Жұмбақтар сайысы
YI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту).
I.Топтардың таныстыруы.

Архимед тобы:
Ұраны: Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл .

Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін
Мазмұннан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез - ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын.
Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа біз түсейік
Жанкүйерлер қолдасын.
Тәртіп болсын арада,
Тыныштықты сақтайық,
Көңілденіп баршамыз,
Үйімізге тарқайық.

Пифагор тобы:
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске .

Сәлемдесуі: Ақыл – оймен кеңескен,
Күштілермен күрескен.
Біз Пифагор тобы
Жеңілмейміз күрестен.
Қойылған сұрақ – есепке
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты біз өткізбей
Лезде шешіп берейік.
Математика сырларын
Білсек достым заңдарын.
Формула мен заңдарын
Ойға жаттап берейік.
Ұтсақ та,егер ұтылса
Ренжулер болмасын.
Жіберілген қателік
Екінші рет болмасын.

II. Зерделілер сайысы
Топ екі математик жайлы қысқаша баяндап береді.

III. Кім көп біледі?
Архимед тобының сұрақтары:
Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
Вектор дегеніміз? (Бағытталған кесінді)
ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
Сандар тізбегін неше тәсілмен шешуге болады? (4)
Шексіз кемел геометриялық прогрессия дегеніміз? (Еселігі [q


Скачать


zharar.kz