2012 - 2013 оқу жылы
Тақырыбы. Біржан мен Сара айтысы.
Сабақтың мақсаты: а) Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру.
Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Әдіс - тәсілдері: ойландыру, іздендіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Айтыс музыкасы ойналады.
Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы.
Өмір - дерек. Біржан мен Сара өмірі.
Біржан тобы
1. Айтыстың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
2. Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады?
3. Айтыскер ақынға тән қасиеттер
4. Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
5. Әкесінің аты
6. Біржанның руы
7. Біржан Сарамен қай жылы айтысты?
8. Біржан қай жылы қайтыс болды?
Сара тобы
1. Айтыстың неше түрі бар?
2. Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Сараның руы
4. Сараны атастырған күйеуі
5. Тұрмыс құрған жұбайы
6. Айтысты Сарадан алғаш кім жазып алған?
7. Сара қай жылы дүниеден өтті?
Біржанның басқалардан ерекшелігі ол жай ғана ақын емес, сонымен қатар әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды. Әнші композиторлар Жаяу Мұса, Балуан шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.
Біржан әндері:
Біржан мен Сара айтысы Әріп Тәңірбергеновтікі деген пікірге көзқарастарың қандай?
Айтыс ақындары заманының көкейкесті мәселелерін қоғамның жетістіктері мен кемшіліктерін, өмір шыңдығын жырларында арқау еткен. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, әдет - ғұрпы да жалпы әлеуметтік жеке адамдардың қарым - қатынастары заманына лайық өрбіген.
Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?
Біржан мен Сара айтысады.
Кітаппен жұмыс. Теңеу дегеніміз не?
Біржан айтыста өзін неге теңейді?
Біржан
↓
Ақ иық мұзбалаққа
Бұлбұл
Аспандағы аққу
Бәйге атына
Кең қолтық, жібек жол арғымақ
Байпаң жорға
Қыранға
Сара
↓
Ақ тұйғын
Тоты құс
Ақ иық бұлбұл
Арғымақ
Наркескен
Сөздікпен жұмыс
Ақиық - бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс.
Ал мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі.
Ақ тұйғын - сұңқар, лашын
Арғымақ - жүйрік ат
Наркескен - ақ семсер, өткір қылыш
Айтыс өнері - бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер ұрпақтан - ұрпаққа буыннан буынға ауысып дамып келеді. Қандай айтыскер ақынды білесіңдер.
Бұрынғы айтыс ---- Ортақ айтыс ---------- Осы күнгі айтыс
1. Ру атынан шыққан -------------------- 1. Аудан, облыс атынан
2. Іздеп барып айтысады - Өнер тыңдаушы халық. шыққан
3. Кез келген жерде өткен ------------ 2. Күні белгіленеді
4. Басып тастау ---------------------------- 3. Жеребе тастау арқылы
5. Тосын тақырып ------------------------- 4. Сахнада өтеді
6. Төреші - қауым --------------------------- 5. Демеушісі болады
------------------------------------------------ 6. Тақырыбы болады.
------------------------------------------------ 7. Төреші - қазылар болады.
Біздің бүгінгі сабағымыз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қарсақ болып отыр. Тәуелсіздік тақырыбына Біржан мен Сараның жолын қуып жүрген оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында айтысып көрмек.
Сабақты қорытындылай келе:
• Айтысқа ерекше елдің көзқарасы,
қазақтың сыйып жатқан боз даласы.
Бүгінгі сабаққа біз атсалыстық,
айтыс бұл екі ақынның сөз додасы.
• Біржан сал - туған дара, ақын дарын.
Арнаған алқалы елге татымды әнін
Сара да бостандыққа шықты жырмен
Ежелден сүйген елміз ақындарын
• Өнердің үлгісі бұл дара лайым,
Белсенді оқушыны бағалайын.
Сабақты жыр жолымен асқақтатып
Қош десіп, осымен доғарайын.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма: Ой толғау жазу
Біржан тобы – Біржан азамат ақын.
Сара тобы – Сара үздік өнер иесі.