Маңдайдағы әжімдерге қарыздармыз, Құшағыңның ыстығына қарыздармыз

Скачать

Жыр жазамын жүрегімнен
Өлеңдер жинағы

Өлеңдерім мұғалімдерге, оқушыларға және ұл - қыз өсіріп, ұрпағының келешегін ойлаған ата - аналарға, туыстарына және шығармашылығымен жақынырақ танысамын деген көпшілік қауымға арналған.

Жан анам

Маған өмір сыйлаған – ризамын саған,
Жаныңнан жылу тараған – бізге арналған.
Бар әлем саған тамсанып, бас иеді,
Киелі анам, жан анам – ризамын саған.

Өзіңнен тарап таң шапағы арайлы,
Сәуле шашып күннің нұры тарайды.
Сенің алтын алақаның аймалап,
Әлі күнге балалығым қалмайды.

Оқысаң шам шырағың жағылады,
Білімің мен ой – санаң жалғасады.
Еңбектеніп, ізденген мақсатына,
Жетеді деген сөзің есте – мәңгі сақталады.

Анадан туады ғой дана біткен,
Мақсатыңа жетуді ана күткен.
Өмірдің ойлы – қырлы соқпағымен,
Шыдаған шыңдарында нық көрінген.

Жан анам - нұр шашқан келбетің,
Әр кез маған тілектес боп жүргенің.
Бір қолымен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеткен.

Маңдайдағы әжімдерге қарыздармыз,
Құшағыңның ыстығына қарыздармыз.
Күндерің қуанышпен қызықты боп,
Жүрегің тек шаттықтан дірілдесін.


Скачать


zharar.kz