Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 6 - сынып
Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі болашақ ұрпақты тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз деген халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы.
Осы құрметке, осы ардақтауға лайықпыз ба? Әрине, лайық болуға міндеттіміз. Осы сұрақ, осы ойға жауапты Өрлеу біліктілікті арттыру институтына үшінші деңгейлік курстан өтуге келгенімде іздегенімді таптым деген сенімде болдым. Алғашында жаңа Бағдарламаға жатырқай қарағаныммен, келе - келе көп нәрсеге көзім жетті. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші ескі сүрлеумен, бірсарынды ырғақпен жүріп келе жатқан дәстүрлі педагогиканы дүр сілкіндірер Бағдарлама екенін айқын бағамдадым. Мен ғана емес, топтағы әріптестерімнің де осы ойымды құптайтынына сенемін. Жаңа әдіс - тәсілдерді меңгертуде тренерлеріміздің еңбегі өлшеусіз.
1 - сабақ: Тіркесті сөздер
2 - сабақ: Сөз таптары. Зат есім.
3 - сабақ: Зат есімнің жасалуы
4 - сабақ: Сөзжасамды қайталау