Мақалдарды оқып мағынасын түсіндіру

Скачать

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектебінің бастауыш
сыныптар жөніндегі орынбасары,
өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Жортулова Кенжегүл Талдырмашқызы

Өзін - өзі тану 4 сынып
Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Мақсаты: Еңбек ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
- еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту:
- еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
Әуенді музыка арқылы тыныштық сәті бастау.

Тыныштық сәті
Балалар орнымызда денемізді бос ұстап, терең демаламыз. Көз алдымызға егіс алқабындағы үлкендер еңбегін елестетеміз. Барлығы біздің болашағымыз үшін, жақсы өмір сүруіміз үшін маңдай терлерін төгіп, еңбек етуде. Біздің қазіргі таңдағы қолымыздан келетін еңбегіміз сабақ оқу, білім алу. Ендеше көзімізді ашып, өзіміздің білім алатын сыныбымызға қайта оралайық.
Музыканың сүйемелдеуімен ән орындалады.
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым - ай.
Өлең жолдарында не туралы айтылғанын сұрау.
Еңбектену адамға не үшін қажет?
Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
Мәтінмен жұмыс Еңбексүйгіш пен Еріншек ертегісі оқылады.
Мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі. Мәтінді екі топқа бөліп оқуға уақыт беру.
- еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып бер.
- Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер.
Жаңа ақпарат
Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.

- Сергіту сәті;
Еңбек
Қырға шықсаң, өрлеп,
Мұның аты – Еңбек
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты – Еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Екі нұсқаға екі өлең беріледі сол өлеңде не туралы айтылған түсіндіру керек.
Дәйексөз
Мұғалім сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақтаға
Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап дейтін мақал сөзді жазады және оның мәнін түсіндіреді:

Дәптермен жұмыс
1. Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазу тапсырылады.
2. Мақалдарды оқып мағынасын түсіндіру. Өздері еңбек туралы нақыл сөздер айту.
Қорытынды
Мұғалімнің сөзі:
Адам бойында табылып жататын ең бір жағымсыздық – еріншектік. Бұл әдет – бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 - қара сөзінде: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші - залымдық - деген екен.
Тапсырма:
Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті? деген сұраққа жауап береді.
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберде тұрып, тілек айтады.

Тыныштық сәті
Еңбек
Жасампаз төрді түлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан мен бір құдірет.
Бәрі де менің жеңісім, Зейнетім, демек, жемісім,
Шалқыған астық, кенішім –
Ырысты бейбіт ел үшін!

Шаттықтың әнін тербеткен,
Көресің мені жер - көктен.
Ерліктің туын өрлеткен,
Өркендер ғалым еңбекпен.
Сондықтан ойлап ертеңді,
Сүйіп өс, маған табын да.
Еңбекпен өмір өркенді
Еңбекпен келер бағың да.


Скачать


zharar.kz