Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен таныстыру

Скачать

Тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторымен танысу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен таныстыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларға тапсырма беру арқылы қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін кеңейту;
3. Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, компьютер, карточкалар, көзге арналған арнайы бағдарлама.
Сабақ типі: саяхат - сабақ
БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сабақта бүгін түгелі ме?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?

II. Үй жұмысын тексеру.
Paint графикалық редакторын қайталау.

III. Жаңа материалды түсіндіру.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, Бағдарламалар мен Редакторлар еліне саяхат - сабағы. Сендер дайынсыңдар ма? Олай болса, кеттік!

Біз саяхатымызды (ПУСК) ЖІБЕРУ басқару пунктінен бастайық (слайд 2). Ерекше қалалар мен елдерден өтейік. Алдымен Бағдарламалар еліне келеміз, содан үлкен Стандартты қаладан, сонан соң тек Word Pad қаласына жетеміз. Осы қаламен жақынырақ таныса кетейік (слайд 3). Сендер көріп отырғандай, осы қаланың өзінің көшелері, шағын аудандары, қаланы басқару батырмалары, бағдаршам және де мәлімет бюросы бар екен. Бізге Стандартты көшені жақсылап қарастыру керек (слайд 4). Балалар, сендердің көшелеріңдегі үйлер нөмірленген болса, осында нөмірдің орнында үйлердің аты белгіленген. Әр үйдің тұрғындары мейірімді, кішіпейіл, жауапты. Егер де оларға қонаққа кірсеңдер, олар сендердің кез келген өтініштеріңді орындап береді. Мысалы, Құру (Создать) үйдің тұрғындары сендерге жаңа құжат құрып береді, Ашу (Открыть) үйінің тұрғындары алдын ала құрылған құжатты ашады, Сақтау (Сохранить) сендердің құжаттарыңды сақтайды, Басып шығару (Печать) дайын файлды қағазға басып шығарады, Басылымды қарап шығу (Предварительный просмотр) құжатты алдын ала көрсетіп береді, Табу (Найти) – жоғалған файлды тез тауып береді, Буферге жіберу (Вырезать), Буферге көшіру (Копировать), Буферден қою (Вставить) өзара туыстар, олар біріге жұмыс істейді, Болдырмау (Отменить) – қателеріңді болдырмайды, ал Күні уақыт (Дата время) үйіне кірсеңдер, дұрыс уақыт пен күнді көрсетіп береді. Біздің саяхатымызды жалғастырып (слайд 5), Форматтау көшесімен танысайық! Осы көшенің тұрғындары аздау, олардың есімдері: Қаріп (Шрифт), Қаріп өлшемі (Размер шрифта), Қаріп кескіні (Начертание шрифта), Қалың, Курсив, Асты сызылған, Түс (Цвет), Сол жақ, ортада, оң жақ шеті бойынша орналастыру, Маркерлер. Балалар, әр елдің өзінің Заңдары бар екенін білесіңдер ме? Осы қаланың өзінің Заңдары бар (слайд 6). Алдымен ең негізгі заңдар: ҚҰРУ, АШУ, САҚТАУ. Және де ережелері (слайд 7). Балалар, егер де сендер Word Pad қаласының тұрғындарына сыйластықпен қарасаңдар, қала Заңдарын қатал сақтап, ережелерін бұзбасаңдар, сендер Информатика елінің лайықты азаматы боласыңдар!
Ребус (слайд 8)
Сергіту сәті: Оқушыларға көзге арналған арнайы бағдарлама қосып беру. (слайд 9)

ІV. Практикалық жұмыс
- Енді карточкалар бойынша практикалық жұмыс істейміз. (слайд 10)

Практикалық жұмыс WordPad
1 - тапсырма:
1. Өз аты - жөніңді тер.
2. Оған түс таңда, қаріп өлшемі 20, жолдың ортасына орналастыр.
2 - тапсырма:
1. Келесі өлең шумағын тер.
2. Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, оған түс таңда.
3. Мұғалімге көрсет.
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт Ел үшін,
Кең дүниенің көлемін

V. Бекіту кезеңі.
- Сабақты бекіту үшін Не білдім, не үйрендім? кезеңінде оқушыларға арнайы бағдарламада дайындалған тест тапсырмасы беріледі. Тесттің қорытындысын бағдарлама автоматты түрде есептейді. (слайд 11)
1. WordPad - қандай редактор?
1) Операциялық жүйе
2) Графикалық редактор
3) Мәтіндік редактор
2. WordPad редакторын қалай іске қосамыз?
1) Пуск - Программы - Настройка - WordPad
2) Пуск - Программы - Стандартные - WordPad
3) Пуск - Программы - WordPad
3. WordPad бағдарламасы қай түрге жатады?
1) Қолданбалы
2) Жүйелік
3) Стандартты
4. Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Справка...
1) Стандартты панель
2) Меню жолы
3) Құрал тақтасы.
5. Болдырмау командасы.
1) Правка - Отменить
2) Правка - Вставить
3) Правка - Копировать
6. Ең бірінші сақтау командасы.
1) Файл — Сохранить.
2) Файл — Сохранить как.
3) Файл — Сохранить как веб - страницу.
7. Терезені бүктеу құралы қалай аталады?
1) Жималау
2) Жаймалау
3) Жабу
8. Әріптерді бас әріппен жазу пернесі.
1) Enter
2) Caps Look
3) Num Look
9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қалай аталады?
1) Килобайт
2) Байт
3) Бит
10. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістікті не деп атайды?
1) Стандартты тақтасы
2) Меню жолы
3) Жұмыс алаңы
- Жарайсыңдар!

VI. Үй тапсырмасы
Word Pad редакторының құрал - саймандарына ребус, сөзжұмбақ құрастыру.
VII. Бағалау.
Оқушыларды бағалау.
VIII. Қорытындылау
– Сонымен бүгінгі саяхат - сабағы сендерге ұнады ма? Назарларыңа рахмет! Сау болыңдар!


Скачать


zharar.kz