Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Жақсы мен жаман
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту: балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: жақсы бала мен жаман баланың іс әрекеттері туралы суреттер, слайд
Сөздік жұмыс: Шалалық, тырысып, ұрысып
Билингвальді компонент: Жақсы - хорошо, жаман – плохо.
Мотевециялық қозғаушылық
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге көп қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасып алайық.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Сәлеметіздер ме, апайлар!
Ұйымдастырушылық - ізденістінік
Балалар бүгінгі көркем әдебиет оқу іс - әрекетінде біз адам бойындағы Жақсы мен жаман әдеттер туралы әңгімелесеміз. Олай болса шеңберге тұрып, Мен қандаймын? деген ойын ойнайық.
Ойын шарты: Мен қолымдағы допты лақтырып Сен қандай баласың? - деп сұраймын. Сонда сендер өздеріңнің қандай бала екендеріңді айтасыңдар.
- Дамир, сен қандай баласың?
- Мен әдепті баламын.
- Қызғалдақ, сен қандай баласың?
- Мен әдемі баламын.
- Мерей, сен қандай баласың?
- Мен тәртіпті баламын.
- Қанағат, сен қандай баласың?
- Мен таза баламын Біздің балалар өте жақсы балалар екен. Бойымызда осындай жақсы әдеттердің табылғанына мен қуанып тұрмын.
- Балалар бүгін біз Рақым Тышқанбаевтың Жақсы мен жаман өлеңімен танысамыз.
- Балаларға жақсы мен жаманның суретін көрсетіп өз ойларын сұрау.
Жақсы мен жаман. жүктеу