Сәкен ескерткішінде

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: 1. С. Сейфуллин туралы білімдерін толықтыра түсу, поэмаларын атап, оның мазмұндық таҚырыбына қысқаша шолу жасау.
Көкшетау поэмасынан үзінді оқыту, тақырыбы мен идеясын анықтау
2. Әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту
3. Оқушыларды халқын, ақынды, тілді құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, ойландыру, сұрақ - жауап, аударма, өздік, топтық жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, информатика пәні
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, Көкшетау поэмасының үзіндісі мәтіні, Сәкен Сейфуллин презентациясы, бағалау парағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымыз алдынғы өткен сабағымыздың жалғасы. Сәкен – адамгершілігі мол, адал жанды, нағыз халық ұлы болатын...
(Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады)
І кезең – Сәкен - ақиық ақын
ІІ. Топтық жұмыс ( Бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, топта бір - біріне айтып, білгендерін ортаға салып, кластер түрінде жауап береді)
Сәкен Сейфуллин кім?
(1 - слайдтан кестені жауабымен шығарып, қорытындылаймын)
ІІІ. Өткен сабақта сендер оның өмір жолы, шығармашылығы, лирикалық өлеңдерімен таныстыңдар, бүгін оның поэмаларымен танысамыз.
- Елі сүйген, елін сүйген Сәкен тамаша лирикалық өлеңдерімен қатар кең тынысты поэмалар да жазды
(2 - слайдта ақын поэмалары аттары көрсетіледі)
- Алдымен осы поэма аты туралы Қазақстанның қандай жерін көз алдарына елестеттіңдер?
(3 - слайд Көкшетау суреттері)

Поэмада Көкшетаудың табиғаты, елі мен жері, адамдары ғана емес, ақын Көкшенің бүгіні мен болашағына да көз тігеді. Шығарманың ең негізгі арқауы - қалмақ қызы мен Адақ батыр арасындағы сюжет. Жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры ақылымен шешіліп, осы ақылды ұға білген, нәзік жанын түсіне білген Адақ батыр бейнесімен толығады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын (Адақ пен қалмақ қызды суреттеуі), жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадыр - қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.

ІІ кезең - Көкшетау поэмасы
Көкшетау - туған жер, оның ғажап сұлулығы мен тарихы жайлы поэма. Жалпы поэма тақырыбы анықтап білу үшін мәтінмен жұмыс жасайық.
Топтық жұмыс ( сөйлемдегі қажет сөзді тауып, орналастырып, аудару)
а) сөздік жұмысы(слайд)
ә) әр топқа мәтін сөйлемдері бөлініп беріледі
б) оқушылар сөздік көмегіне сүйеніп, сөйлемдерді аударып, кезекпен оқиды
в) сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді тауып, орналастырады

ІІІ кезең - Поэзия әлемінде
Көкшетау отан, туған жер туралы поэма, онда тарихи оқиғалар айтылған
( оқушылар мұғалім оқуын мұқият тыңдап, іштей оқи отырады,
Көкшетау поэмасынан үзінді аудармасымен оқушыларға таратылып беріледі)
Полиглот ойыны: онда біз Сәкеннің поэзия әлеміне барайық
1 - оқушы: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен - сауын...

2 - оқушы: Гора Кокшетау стройна, как сосна.
Дождями свой лик умывает она.
Плывут облака над ее головой,
Справляются: в здравье она иль больна?

Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.

Жеке батыр.
1 - оқушы: Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

2 - оқушы: Об этом батыре рассказ был таков:
Он гору одну охранял от врагов.
Стоя на посту, он случайно вздремнул
И спящим остался на веки веков.

Бурабай
1 - оқушы: Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс

2 - оқушы: Вода серебрится чиста и свежа,
В сиянье ее отдыхает душа.
Зеленой завесой над нею в ночи
Вздыхают березы и карагачи.

Оқжетпес
1 - оқушы: Басына атсаң – дағы оғы жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.

2 - оқушы: В думу вечную погружен,
Недоступным кажется он,
Лишь могучий горный орел
Свое место на нем обрел.

Жұмбақтас
1 - оқушы: Батырлар айнала тұр тас қасында,
Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.
Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы
Абылай бәсекенің бас қасында.

2 - оқушы: В стрельбе умения не доказав,
Смотрели батыры зло.
И хан, уязвленным себя посчитав,
Тоже нахмурил чело.
(Оқушылар кезектесіп, үзінділерді аудармасымен мәнерлеп оқиды)

ІV. Сабақты бекіту
Не білдім?
. Иә, ақын есімі ешқашан ұмытылмақ емес!
Да, имя великого акына никогда не забудется и в нашей любимой молодой Республике его именем названы:(Слайдтан ақынның суреті, оған арналған ескерткіштер, мұражай, өлеңдер мен ұлы сөздер көсетіліп, айтылады):
- Астанамыздағы Сакен Сейфуллин атындағы көше
- Астана қаласы мен ақынның туған жеріндегі әдеби - мемориальды мұражай…
Бессмертный образ Сакена живет:
- Сәкен ескерткішінде…
- Қазақстан суретшілерінің картиналарында…
Песни Сакена звучат:
(Слайдтан Сакен бейнесі көрсетіліп, өлеңдері орындалады).

V. Бағалау
VІ. Үй жұмысы: Үзіндіден ұнаған бөлімін жаттап келу


Скачать


zharar.kz