Махамбет Өтемісұлы өлеңі
Әрәйнә
Әрәйнә, жігіттер, Әрәйнә!
Арғымағың жарай ма?
Астыңа мінген арғымақ
Аяңдай түсіп, марай ма?
Арғымақ дейтін жығылғыр,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
Күшіген жүнді шал жебе
Жауына қардай борай ма?
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шыдай ма?
Жаттан көмек сұрай ма?..
Арғымақ жалғыз, Ер малсыз,
Алланың не берері болжаусыз,
Жолдастарым, мұңайма!
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля
Махамбет Өтемісұлы басқа өлеңдері