Физика 7 класс
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
ІV. Сабақты пысықтау.
V. Сабақты қорыту, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым….
● Астрономия.
● Физика
● Эксперимент
2. Бір заттың молекулаларының екінші заттың моллекуларалық бос орындарына өтуі
● Броундық қозғалыс
● диффузия.
● заттың күйлері
3. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама
● тығыздық
● температура
● қысым
4. Санақ денесімен байланысқан координата жүйесімен сағатты айтамыз
● Координата жүйесі
● Санақ жүйесі
● Санақ басы
5. Айнала қоршалған сақинасы бар планета?
● Марс
● Нептун
● Сатурн
6. “Планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырып, гелиоцентрлік жүйе”, - деп атаған ғалым
● Птолемей
● Коперник
● Бируни
Жаңа сабақ
Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты қозғалыстан дененің жылдамдығын анықтау үшін оның бірлігін уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:
Жылдамдық =Орын ауыстыру уақыт
S - қашықтық (км, м)
V - жылдамдық (км сағ, м сағ, м сек)
t - уақыт (сағ, мин, сек.)
Дененің бір қалыпты қозғалысы белгілі болса сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішіндегі жүрген жолын анықтауға болады:
Дененің бір қалыпты қозғалысының жылдамдығы мен жүрген жолы белгілі болса қозғалысқа кеткен уақытты анықтауға болады:
Сабақты пысықтау.
Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
Автомашина 200 метр жолды 36км сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
Велосипедші стадионды айнала 20м с жылдамдықпен қозғалды. 1 сағат ішінде велосипедші қанша жол жүреді?
Үй тапсырмасы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық.