Математика жүрек тілімен
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға санды және әріпті өрнектерге байланысты есептерді шығара білуге үйрету, оларды бір бірінен ажырата білуге үйрету, есептеу дағдыларын жетілдіру, логикалық ой - қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту, жауапкершілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа, ұлттық құндылықтарды сақтай білуге, ізгі қасиеттерге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бағалау парақтары, топ аттары жазылған кесте қағаз.
Сабақтың түрі: Аралас ықпалдастырылған сабақ. Топтық жұмыс
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, репродуктивті, сызбамен жұмыс, ой шоғырландыру, жинақтау т. б.
Сабақтағы пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, көркем әдебиет.
Жоспар
І. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Тыныштық сәті Күннің нұры
- Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі. Сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін. Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны сөз есту үшін. Күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа жібер. Ата - анаңа жібер. Сен сол сүйіспеншілік нұрын туған - туыстарыңа жібер. Барлық мектептегі таныстарыңа жібер. Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленіп тұр. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді ептеп ашайық.
- Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
- Әр топ өздерін таныстыру
Мұғалім: Таныстырсын өздерін,
Мына отырған ізгі өрен!
Ізгілік тобы: Әрқашанда біргеміз,
Жабырқауды білмейміз
Ізгілік тобы әрқашан
Дана жолды таңдаған.
Мейірім тобы: Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан
Мейірім атты тобымыз
Ашық жарқын жолымыз
Ізет тобы: Сіз, біз деген жылы сөз
Жылытады жүректі
Жан - жақты жақсы дамыған
Болсақ дейміз ізетті.
Әдеп тобы: Сыйластықты іздеген
Әділ сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге сіз деген.
Мұғалім: Сәттілік тілеп баршаңа,
Ден қоялық сабаққа
Кешегі өткен сабақта
Не тапсырма берген ем?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қандай билерді білесіңдер? Шешендік сөздері естеріңде ме?
Міне балалар ата бабаларымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған ізгі сөздерінде даналық жатыр, соларды естіп, ойға тоқып, өмірде жақсы адам болуға тырысуымыз керек екен. Себебі өмірдің мәні осында.