Дене бұлшықеттерін ата

Скачать

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері. №9 Зертханалық жұмыс. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тірек - қимыл жүйесі, дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке гигиена талаптары туралы түсініктерін кеңейту, аурудың алдын алуды үйрену оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік: өз ағзасын зерттеп білу, сақтау, қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ, ақпараттық
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, зерттеушілік
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын слайдтар, видео

Сабақтың барысы:
I. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып дайындығын тексеру.
А) Миға шабуыл дoп лақтыру арқылы oсы уақытқа дейін өткен қандай ғалымдарды білеміз білім қoрын жинақтап алу.
В) Лентамен тoпқа бөлу (түске байланысты тілек айту)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1 - топ
Мoзайка құрастыру арқылы бағалау
1. Бұлшық ет деген не?
2. Бұлшық еттердің құрамына қарай қандай түрлері бар, сипаттама бер?
3. Бас бұлшықеттерінің құрылысы қандай?
4. Дене бұлшықеттерін ата?
5. Бицепс, трипцес қандай бұлшықеттер?
6. Қажу дегеніміз не?

2 - топ Тестік тапсырмалар орындау
1. Омыртқаның қозғалуына әсер ететін, дененің тік ұстауын қамтамасыз ететін бұлшық ет. а қол - аяқ ә арқа б жамбас
2. Шайнау еттеріне тән ерекшелік а астыңғы жақ сүйегіне бекінеді ә бет сүйегіне бекиді б тіске бекиді
3. Адамда қанша бұлшық ет бар? а 200 - 300 ә 400 - 600 б 100 - 300
4. Бас еттері а шайнау, ымдау ә мойын, жақ б бет, маңдай
5. Ұзын бұлшық еттер а бас ә аяқ - қол б кеуде
6. Тыныс алуға қатысатын ет а қабырға аралық ә құрсақ б арқа
7. Бұлшық еттерге тән қасиет а жиырылғыштық ә серпімділік б қаттылық
8. Қаңқа бұлшық еттері а бірыңғай салалы ә көлденең жолақты б жүрек бұлшық еті
9. Жалпақ еттер а тұлға ә қол - аяқ б қабырға аралық
10. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет? а ымдау бұлшық еті ә шайнау бұлшық еті б тіл бұлшық еті
Тест жауаптарының қорытындысы.
1. Ә 2. А 3. Ә 4. А 5. А 6. А 7. А 8. А 9. А 10. Б
Бұлшық еттер туралы ғажайып фактілер:
1. Біз күлгенде 17 бұлшық ет қимылға келеді.
2. Біз ренжігенде 40 астам бұлшық ет қимылға келеді.
3. Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейін мөлшерді құрайды.
4. Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.
5. Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еттері, ол жүру, жүгіру және секіру, кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.
6. Ең кіші бұлшық ет - құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі 1 санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық еті

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
Топтарға №1, 2, 3 мәтін беріп, түсініп оқуға уақыт беру, оқып болғаннан кейін номер бойынша №1 мәтінді оқыған оқушылар жеке топтасып Т - кестесін құрады, сол сияқты №2, №3 топ мүшелері мәтін бойынша топтасады Т - кестесін жасап, қорғайды.
Мәтіннің тақырыптары:
1. Гиподинамия
2. Жалпақтабандылық
Видео көрсетілім (Қазақстандағы жалпақтабандылықтың алдын алу)
3. Сколиоз, лордоз, кифоз
Т - кестесі Пайда болу себебі - Алдын алу
IV. Бекіту

ШҚО Көкпекті ауданы
Кокжайық орта мектебі КММ,
биология пәнінің мұғалімі
Айкенова Айжан Сериккановна
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері. жүктеу


Скачать


zharar.kz