Два веселых гуся

Скачать

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы
Ниязова Дамира Қауашқызы

Психологиялық тренинг
Релаксотренинг

Ойын уақыты: 50 - 60 минут
Ойынның мүмкіншілігі: 14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар.
Мақсаты: 1) Оқушылардың бір - біріне көмектесу мүмкіншілігін тудыру.
2) Эмоционалдық психологиялық қатынасты қалыптастыру.
3) Өз денесін сезіну, түсіну.
4) Жүйке жүйесінен қозуын түсіру.

Ойын шарты:
• Ойынның мүмкіндігін көрсету;
• Топ ішіндегі қарым - қатынасты жетілдіру;
• Топтың өзара бір - бірімен байланысын дамыту;
• Өз шешімі мен міндетіне сенімді және тұрақты болу.

Біздің топтың ережелері
Мақсаты: тренингтегі негізгі жұмыстың ережелерін бекіту.
Шарты: негізгі ережелерін талдау және оны бекіту.
Нұсқау: топтағы қарым – қатынастың уақытын қадағалау. Біздің топқа лайықты, ыңғайлы ережелерін тандап оны қабылдауымыз керек. Қатысушыларға өз пікірін қосуға болады, барлық ережелер тақтаға жазылады. Әрқайсысы өз таңдауын жасайды. Қатысушыларға сөйлемді аяқтауға беріледі. Мысалы: Осы топта қажетсіз... , Осы топта қауіпті... , Осы топта мүмкін...
Ережелер:
1. Осы топта айтылған сөздер, осы жерде қалады.
2. Айтар алдында “Қол көтеру” ережесін сақтау.
3. Бір – бірімізге жылы көз - қараспен қарау.
4. Шын жүректен және дұрыс жауап беру.
5. Бір - бірімізге бөгет жасамай тыңдау.
6. Бір - бірімізді тыңдау және қабылдау.

Жаттығу 1. Сәлем
Әр қатысушы бір - біріне жылы және ізгі тілектер айту керек, тілекті мына сөйлеммен аяқтау керек … Бұл менің саған сәлемімім! (доп арқылы).

Жаттығу 2. Салат

Балалар шеңберде отырады. Шеңбердің ортасында – Жүргізуші, тақтардың саны 1 адамға жетпеуі керек. Жүргізуші: “Қазір тұрады... ” бір жемістің атауын атайды сол аталған жеміс иегері орыннан тұрып орын алмасады. Бұл: алма, апельсин, киви, банан, йогурт. Орынсыз қалған бала ойынды жалғастырады. Ойын топты ұйымшылдыққа жетелейді.

Жаттығу 3 Шетел тілі
Жүргізуші қатысушыларға шетелше сөйлесуге ұсынады. Сол себептен барлығына белгілі бір өлең шумақтарын алуымыз керек.
Жили у бабуси
Два веселых гуся.
Один серый, другой белый.
Два веселых гуся.
Бұл өленді басқа тілдерде айтып көрейік. Оны істеу өте онай. Барлық дауысты дыбыстардың орнына басқа әріптерді қою керек.
Ж*л* у б*б*с*
Дв* в*с*л*х г*с*.
*д*н с*р*й, др*г*й б*л*й.
Дв* в*с*л*х г*с*.
Польский - "Э"; Испанский - "И"; Французский - "Ю"; Немецкий - "У";
Английский - "А"; Японский - "Я";

Жаттығу 4. Сүйікті тағамым
Осы жаттығу өткізу үшін санамақ арқылы топтан 3 адам шығарылады. Қалған қатысушылар аспазшының міндетін атқарады, яғни олар шығарылған қатысушының сүйікті тағамын табу керек. Ойынның кілті Бауырсақ тағамы осы тағамнан кейін қатысушының сүйікті тағамы жасырылған.

Жаттығу 5. Аңшылар
Қатысушылар жүргізушінің соңынан қайталайды.


Скачать


zharar.kz