Сөйлем мүшелеріне талдау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас (презентация сабақ)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға кезектес салалас сөйлем туралы түсінік бере отырып, жасалу жолын меңгерту;
ә) ана тілге деген шексіз сүйіспеншілікке тәрбиелеп, адамгершілік пен инабаттылық қасиеттеріне, сөз өнеріне баулу;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, СКТ арқылы сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, сатылай кешенді талдау;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тірек сызбалар, Интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
• Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
• Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сыныпты үш топқа бөлу:
• 1 - топ – Алғырлар
• 2 - топ – Зеректер
• 3 - топ – Тапқырлар
Тапсырмалар:
• А) Ой қозғау Бабалар сөзі – даналық көзі
Әр топ шешендік сөздердегі билер сөзінен бастайды.
• Ә) ... көпте, тәуелде, септе... сұрақ - жауап.
Әр топ оқушылары келесі топқа өз сөздерін айтады. Ол топ сол сөзді дереу ауызша көптейді, септейді, тәуелдейді.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
115 - жаттығудың орындалуы.
1. Математикалық талдау
2. Сөйлем мүшелеріне талдау
3. Жаттығуды толық оқу
(Әр тапсырманы әр топтық жұмыс ретінде тексеруге болады)

Үй тапсырмасын қорыту.
Білімін тексеруде:
Ой жүгірту, сан сұрақ:
1. Лингвистика?
2. Жеті септік?
3. Сөз таптары
4. Сөйлем мүшелері?
5. Сөйлем дегеніміз не?
6. Сөйлемнің құрамдық түрлері?
7. Жай сөйлем?
8. Жай сөйлем түрлері?
9. Құрмалас сөйлем?
10. Құрмаластың түрлері?
11. Салалас нешеге бөлінеді?
12. Ыңғайлас салалас
13. Себеп салдар салалас?
14. Қарсылықты салалас?
15. Түсіндірмелі салалас?
16. Талғаулы салалас?

Жаңа сабақты түсіндіруде:
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.
- Хорезмшах, екінің бірі. Не әкемді босатыңыз, не мені дарға асыңыз. Қазан тұрып біресе атын мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
Топтық жұмысты жалғастыру: ұяшықтан таңдау
116 - жаттығу
Төмендегі сөйлемдерде кейде, біресе, не жалғаулықты шылаулардың қайсылары жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұр. Қайсылары кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып тұр?
117 - жаттығу
Баяндауыштарды тиянақты етіп, сөйлемдерді салаластыра байланыстырыңдар.
118 - жаттығу
Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, кезектес салалас етіп құраңдар.
117 - жаттығу.
Баяндауыштарды тиянақты етіп, сөйлемдерді салаластыра байланыстырыңдар.
Берілген тапсырмаларды үш топ плакаттарға орындайды.
Плакаттың келесі бетіне даналық сөздер жазылады. Бір даналық сөздегі сөйлемге сатылай комплексті талдау жасау.

Топтық жұмысты қорыту. Белсенділерді анықтау.
Ой қорыту:
Топтастыру стратегиясын пайдалану

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 119 - жаттығу.


Скачать


zharar.kz