Химия пәні мұғалімі: Лепесбаева С. К.
Сабақтың тақырыбы: Натрий
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндік ой қорытуға баулу, байқампаздыққа, жан - жақтылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларға натрий металының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары, қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру. Тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.
Дамытушылық: Пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, тиянақты жауап беру қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше ойлап, ой өрісін, зейінін дамыту.
Сабақтың міндеті:
- Металдың физикалық қасиетін ажырата білу
- Металдың табиғатта таралуын есте сақтау
- Металдың химиялық қасиеттерін анықтай білу
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыстар, демонстрация, тест тапсырмалары, графикалық диктант
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, тәжірибе, лабораториялық құралдар
Технология түрі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пәнаралық байланыс: биология, медицина, экология, география
Күтілетін нәтиже:
- Натрий қасиеттерін сипаттай білу
- Теориялық білімдерін жүйелей білу
- Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу
- Элементтердің биологиялық маңызын білу
- Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу
Сабақтың жоспары:
1 - кезең Ұйымдастыру
2 - кезең Қызығушылықты ояту
(өтілген тақырып бойынша танымдық қызығушылығын ояту)
3 - кезең Мағынаны ашу (жаңа ақпаратпен таныстыру)
4 - кезең Ой толғау (сабақты бекіту, қорытындылау, ойларын толықтыру)
Сабақтың барысы:
І кезең Ұйымдастыру (Үш топқа бөлу)
- Сәлемдесу
- Оқушылардың сабаққа қатысын, сабақ құралын тексеру
ІІ кезең Қызығушылықты ояту
Танымдық сұрақтар:
1. Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?
2. Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?
3. S – элементтерге жалпы сипаттама?
4. Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны?
5. Сілтілік металдарды ата?
6. Сілтілік металдардың топ бойынша қасиеттері қалай өзгереді?
7. Сілтілік металдардың табиғатта кездесуі?
8. Сілтілік металдардың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық қасиеті?
9. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті?
10. Сілтілік металдардың реакциялық қабілеті?
Өзін - өзі бағалау карточкасы
ІІІ кезең Мағынаны тану (жаңа сабақ түсіндіру)
Жоспар: - Натрий металының периодтық жүйедегі орны
- Натрий металының физикалық қасиеттері
- Натрий металының алынуы
- Натрий металының химиялық қасиеттері
- Натрий металының табиғатта таралуы мен қолданылуы
Жаңа сабақты тірек - сызбалар арқылы сатылай кешенді түсіндіру.
1 – тірек сызба
2 - тірексызба
Біздің планетамызда таралуы бойынша 6 – шы орында.
3 – тірек сызба
Натрий – натрон , сода , сілті деген араб сөздерінен шыққан. Натрийдің көмірқышқылы тұзы өте ерте кезден – ақ кір жууға пайдаланған. Оның гидрод тотығы белгілі болған, оны сілті деп атаған.
1, 2, 3 – ші сызбанұсқаларын мұғалім өзі құрастырып, түсіндіреді.
IV кезең Ой толғау
Мағынаны тану (жаңа сабақ түсіндіру)
4 – тірек сызбаны оқушылардың 1 - ші тобы өздері құрастырады.
Бейнеролик: Натрийдің физикалық қасиеттері.
Мұғалім тек оқушылардың айтпаған мәліметтерін ғана қосады, сөйтіп оқушылардың өздерінің алуына мүмкіндік тудырады.
Оқушыларға натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының және натрийдің сақтау ережелерін түсіндіреді.
5 – тірек сызбаны мұғалім өзі құрастырып, түсіндіреді.
Натрийдің алынуы. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви электролиз әдісі арқылы алды. 2NaCl →2Na + Cl ₂ ↑
6 – тірек сызбаны оқушылардың 2 - ші тобы құрастырады.
Толық нұсқасын жүктеу