Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?
Я дыбысы мен әрпі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. 2. 9. 2 Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, таңбалары мен ф, в, ц, ч дыбыстары, е, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1. 2. 1. 2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді оқу, түсініп оқу) қолдану
1. 2. 5. 1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру
1. 1. 9. 1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Бағалау критерийлері: Барлық оқушылар істей алады:
Я дыбысы мен әрпін біледі..
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар істей алады:
Сөздерді тұтастай оқи алады.

Тілдік мақсат
Оқушылар: Сюжетті сурет арқылы әңгіме құрап, болжай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Шаян - рак -
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
- Неліктен Алдаркөсені ұттық кейіпкер қатарына жатады?
Алдыңғы оқу: һ әрпі мен дыбысын біледі.

Басы
Ынтымақтастық ахуалын құру
Шаттық шеңбері Жақсы тілек! .
Достарымның барлығын,
Сыйлап, жақсы көремін.
Алақаным арқылы
Жылуымды беремін
Топқа бөлу. Ертегі кейіпкерлерінің суреттері арқылы топқа бөліну (Алтын сақа ертегісі мен Мақта қыз бен мысық ертегісі)
1 - топ. Алтын сақа
2 - топ Қатық
(ҰЖ) Ширату
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Біз бүгін жаңа тарау өтеміз
Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті
Салт - дәстүр ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын әдет - ғұрып, мәдени іс - әрекеттер жалпыға бірдей тәртіп. – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем - әдеби туындылардың жиынтық атауы. А. ә - нің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. А. ә. жанрлық құрамы жағынан да сан - салалы болып қалыптасты (слайдтар)
(ҰЖ) Қызығушылығын ояту
Суретпен жұмыс
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?(күн суытады, аяз болады т. б.)
- Мына ұлттық кейіпкерлер туралы не білеміз?
- Сендер Алдар Көсе туралы естігендерің бар ма?
- Тағы да басқа қандай Алдар Көсе туралы әңгіме, ертегі білесіңдер?
1. Шығармашылық жұмыс. (Сурет бойынша әңгіме құрау)
Бағалау Мадақтау

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? жүктеу


Скачать


zharar.kz