Тәрбиеші: Кульчикова М. Н.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Жаңа жылдық ашық хат
Мақсаты: балаларды ашық хатты өз қолдарынан дайындауға үйрету; әртүрлі әдіс - тәсілдермен жапсыруды, сәндік материалдарды дұрыс таңдап қолдануды меңгеру; балалардың эстетикалық талғамын арттыру.
Көрнекілік: әртүрлі жаңажылдық ашық хат үлгілері, түрлі түсті қағаздар, қатырма қағаз, қайшы, желім, қол орамал.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасайық.
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап,
Шаңғымен сызалық.
- Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қаңдай?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т. б.) қимылдар көрсетіледі.
Балалардан алдымызда қаңдай мереке келе жатқанын сұрап, оған балалардың қаңдай дайындық жасап жатқанын сұрайды.
Жаңа жыл мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын сұрап, балалардың өздерінің Жаңа жылда қаңдай сыйлық алғылары келетінін білу. Мерекелерде адамдар бір - біріне құрмет көрсетіп сыйлықтар сыйлайды. Сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңнан бұйым жасап, жақыныңа мерекеде сыйға тартып, қуанту. Балаларға достарына, туыстарына мерекеде сыйға тартатын ашық хат дайындауды ұсынады. Ашық хаттың сыртқы бетіне қағаз түсі таңдалады. Балаларға үлгі ретінде ашық хаттың жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты, мағыналы орындау керектігін түсіндіреді.
Тербеледі шыршалар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай шыршалар,
Үп - үлкен боп өседі.
Ашық хат дайындауға кіріседі, жаймен музыка әуені жүріп тұрады.
Түрлі түсті қағаздан ашық хаттың негізі үшін тіктөртбұрыш қиып аламыз. Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш пішінді дайындамалар қиып аламыз. Шырша ойыншықтарын жасау үшін қажетті дайындамаларды бүктейміз.
Оларға жай қарындашпен суретін сызып аламыз. Бөлшектерді сызық бойымен қиямыз. Негізгі бетке жапсырудың бөлшектерін реттеп орналастырып аламыз Барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.
Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.