Сабақтың тақырыбы: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе.
II. Бөлім: Адам организмінде мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдік реттелуі.
Биология 8 сынып
Сабақ мақсаты: Ішкі және сыртқы секреция бездері, гормондар мен олардың қасиеттері және адамның тіршілігіндегі маңызы туралы жаңа анатомиялы - морфологиялық түсініктерді қалыптастырады, қалқанша без, ұйқы без, жыныс безі, гипофиз және бүйрек үсті бездерінің гормондарының рөлін анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Глоссарий: Эндокриндік жүйе.
Гормон, гипофиз, бүйрек үсті безі, қалқанша без, жыныс безі, ұйқы безі.
Алдыңғы тақырып: Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке.
Сабақтың басы 2 мин
І. Тренинг: Жылулық сезімі
(оқушылар бір - біріне ыстық тілектерін жолдайды)
Ынтымақтастық атмосферасын орнату арқылы сабақтың мақсаты таныстырылады.
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі
1. Глоссариймен жұмыс
Гормон, гипофиз, бүйрек үсті безі, қалқанша без, жыныс безі, ұйқы безі.
2. Қызығушылықты ояту.
Эндокриндік жүйе туралы презентация көру.
ІІІ. Мағынаны ажырату ДЖИГСО әдісі.
Тапсырма №1
1 - топқа.
Адам асқазансыз, өт қабынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады. Алайда массасы бір грамға да жетпейтін кішкентай без – гипофизді алып тастаған жағдайда адамның тіршілігі тоқтайды. Ішкі секреция бездерінің жалпы саны - 10, олардың массасы шамамен 100г. Ішкі секреция бездері ерекше заттар - гормондарды өте аз мөлшерде бөледі. Мысалы, адамға тәулігіне 0, 00003г В витамині қажет болса, адреналин гормонының тәуліктік мөлшері одан 1000 есе аз болып табылады.( 15г адреналин жер шарындағы барлық тұрғындарға артығымен жетер еді). Гормондар өте белсенді, олар адамның бойы мен жалпы дамуын өте күшті өзгерістерге ұшырата алады, сондай - ақ зат алмасуды реттеп отырады; гормондардың жетіспеуі немесе артық мөлшерде болуы дене бітімін шектен тыс өзгеріске ұшыратады. (кейбір адамдардың денесінің массасы 500 - 600кг - ға дейін жеткендігі туралы мәліметтер бар).
МЕКТЕП: Жарқын орта мектебі.
Мұғалім: Карипбаева Л. Т.