Неше жаңғақ болды тиінде

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Мектепке дейінгі "Бөбек" шағын орталық әдіскері
Жүнісова Нұршаш Құсманқызы

Қарлығаш ортаңғы тобындағы оқу іс - әрекетінің ұйымдастыру техналогиялық картасы
Білімберу саласы: Таным
Бағдарлама тарауы: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 3 санымен цифры
Мақсаты: Балаларды топтастырылған заттарды айыра білуге үйреті, 1 және 1 мазмұны, 3 және көп заттарды салыстыруды үйрету. Баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: 3 санының таңбасы
Қостілдік компонент: Үш - Три
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу

Мотивациялық - қозғаушы
Ұйымдастыру кезеңі: Таң шуағы
Екіден соң әрқашан,
Үш саны - мен тұрамын.
Орныма барамын.
Екі ойшық саламын. (үш саны)
Қоянның топқа келуі

Іздену ұйымдастырушылық
2. 1 - Балалар біге қоян қонаққа келді. Ол сендерді бүгін жаңа цифрмен таныстыруға келіпті.
Қоян сендерге жаңа санның цифрын көрсетем дейді. Мынау қандай сан?
Не нәрсе бір - бірден болады?
Не нәрсе екіден болады? Иә дұрыс айтасыңдар. Ал үш саны ол көп. Біздің мүмкін үш затымыз болуы мүмкін. Ал үш саны неге ұқсайды? Дұрыс айтасыңдар. Үш саны қандай санмен көрші тұрады?
2. 2 Балалар бізге қоянның әкелген есептері бар екен қане ойша шешіп көрейікші? Орманда тиін екі жаңғақ теріп алыпты, оған кірпі келіп тағы екі жаңғақ беріпті. Неше жаңғақ болды тиінде? Өте дұрыс балалар қане бәріміз қоянмен бірге сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:
Қане достым аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш - үштен,
Көзіңді қыс үш рет,
Басыңды еңкейт үш рет.
Иықты көтер үш рет,
Солға - оңға үш рет
Орныңда секір үш рет.
Ентігімізді басамыз, Орнымызды табамыз.
Д ойын: Цифрын тап
Мақсаты: Цифрды ажырата білуге үйрету, Балалар үш цифрын тауып оны қоршап сызады.
Рефлексивті - корригиялық
- Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
- Біреу дегеніміз көппе әлде аз ба?

Болжамды нәтежие:
Білу керек: Сандарды санай алуды 3цифрының таңбасын білуі тиіс
Істей біледі: Өз ойларын жеткізе алады.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz