Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі

Скачать

Тақырыбы: Абайдың музыкалық мұрасы (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
I. Білімділік: Ұлы сазгер Абайдың қазақ музыкасы өмірінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беру.
II. Дамытушылық: Музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Абай әндерін оқушының санасына сіңіру.
III. Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд, музыкалық аспаптар, суреттер, Абайдың портреті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі сабақтың мақсаты мен ерекшелігін хабарлау. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

II. Рефлексия
Сабақты оқушылар бір – біріне Абайдың нақыл сөздерін қолдану арқылы тілек айтумен бастайды.
Мысалы: Абай атамыз ... сенде бір кірпіш дүниеге
кетігін тауып бар қалан - демекші сен де өмірден өз жолыңды табуға тілектеспін.

Мұғалім: Менің де сендерге айтар тілегім:
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш - ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. - ендеше мен де бастысы сендерде де осы үш адамдық қасиеттің болғанын тілеймін!

III. Жаңа сабақ
Абайдың музыкалық мұрасы жайында айтар болсақ Ұлы ақын, ағартушы музыка саласында да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кездерде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа ән - күйлері сияқты, ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауыса отырып жеткен 20 - ға жуық әндері бар. Абай әндері жайында айтылған зерттеушілердің сөздеріне көз жібейік.
1. Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа форма енгізді
Г. Шомбалова.

2. Абай әндері қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторларының өнерінен нәр алды
Б. Г. Ерзакович.
3. Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды
А. Қ. Жұбанов

IV. Сөз кезегін әріптесім --------------------------- беремін

V. Бүгінгі сабақта Абайдың бірнеше әніне тоқталамыз. Соның бірі Айттым сәлем, Қаламқас әні. Алдарыңдағы мәтінді оқып танысайық.
Айттым сәлем, Қаламқас...
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүзі әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін - бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан - жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт – Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.
Өлең 7 - 8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі атты жинақта жарияланды. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Ол негізінен өлеңнің бастапқы 3 шумағы бойынша айтылып жүр. Абай бұл әнмен қазақ халқының әдет - ғұрпына, салт - санасына, талғам – танымына, дәстүріне қайшы келмейтін Сәлем хат атты жастықты, сұлулықты, махаббатты жырлайтын жаңа бір поэзиялық музыкалық жанрды дүниеге әкелді.

VI. Әннің сөзімен танысайық
Айттым сәлем, Қаламқас
Айттым сәлем Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғанда сені ойлап
Келер көзге ыстық жас
Сенен артық жан тумас
Туса туар – артылмас
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас



Скачать


zharar.kz