Әдебиеттік оқу
Сабақтың атауы: Т. Айбергенов Ақ қыс
Мақсаты: Төлеген Айбергенов туралы мәлімет бере отырып, Ақ қыс өлеңінің мазмұнын, мағынасын меңгерту.
2. Қыс мезгіліндегі мерекелерге тоқталу арқылы өз ойларын жеткізуге ықпал ету. Қыс мезгіліндегі ойын түрлері, қар түрлері, жұмбақтар шештіре отырып, оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тәрбиелеу.
Өз ойларын жүйелеп жеткізуге үйренеді, автор шығармаларымен танысады.
Түрі: жаңа сабақ
Типі: жаңа материалды меңгерту
Әдістері: түсіндіру, баяндау, тірек - сызба, сөздік жұмыс, тізбектеп оқыту, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі: слайдтар, табиғат суреті, ақынның суреті, ойындар
Топқа бөлу
Сыныпты екі топқа бөлу
Аққала және Қаршақыз топтары
Топ оқушыларына арнайы тапсырмалар жүктеу
1 - оқушы Баяндаушы
2 - оқушы Толықтырушы
3 - оқушы Бейнелеуші
4 - оқушы Сұрақ құрастырушы
Психологиялық ахуал
Қайырлы күн, досым!
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сәті
Қуанышқа толсын!
Біздің алар бағамыз
Тек 5 қана болсын.
Қызығушылықты ояту
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қар дегенде көз алдымызға не келеді?
- Ол қайдан пайда болады?
- Қар туралы не білесің?
- Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Саған ерекше ұнайтын мереке қайсысы?
Сіз білесіз бе? айдары
Қар түрлеріне тоқталу
Мағынаны тану
Сөзжұмбақ шештіру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Слайдтармен жұмыс
Сонымен, біз бүгін Төлеген Айбергенов атамыздың Ақ қыс атты өлеңімен таныс боламыз.
Төлеген Айбергенов – қазақ кеңес ақыны. 1937 жылы қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты бітірген. Қоңырат ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім болған. 1965 жылдан бастап Алматыға келіп, Жазушылар одағында жұмыс атқарды. 1958 жылдан бастап өлеңдері Қазақ әдебиеті , Лениншіл жас газеттерінде жариялана бастады. Айбергенов Арман сапары (1963), Өмірге саяхат (1965), Құмдағы мұнаралар (1968) өлеңдер жинағының авторы.
Оқулықпен жұмыс
Т. Айбергенов. Ақ қыс өлеңін мәнерлеп оқу
Өлең мазмұнын ашу
Сөздік жұмыс
Өлеңде не туралы жазылған? – Қыс мезгілі туралы. Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған? Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады? Жүрген кездегі қардың сықырлағанын ақын неге теңейді?
Оқулығымызда рояль сөзіне анықтама берілген. Рояль – пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі.
Дәптермен жұмыс
қар – снег - snow
Аппақ қар - белый снег - snow is whiter
Қыс - зима - whiter
Қыс келді - зима пришла - whiter comes
Пострмен жұмыс
Қыс мезгілінің ерекшелігі
Ақынның қысты суреттеуі
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Шежін орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Майчубаева Гүлдана Әзімбайқызы
Төлеген Айбергенов Ақ қыс. жүктеу