МАТЕМАТИКА. 4 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру.
2. Дамытушылық: Баған түрінде көбейту мен бұрыштан бөлу жағдайларын негіздеу. Ой - өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: ИНТЕРАКТИВТІК тақта, оқулық, слайдтар, электрондық оқулық, ACTIVote құрылғысы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,
Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.
Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Жаңа сабақ.
- Балалар бізге электрондық поштамен хат келді.
- Ендеше хатты оқиық.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек
Көктем келді, бірақ жер бетін су алып, бәйшешектер шықпай жатыр
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, бәйшешектер гүл ашады. Көмектесіңдерші, балалар!!!
- Балалар, бұл хат кішкентай қонжықтан келіпті. Көмектесеміз бе қонжыққа?
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, ормандағы алаңда бәйшешектер гүл ашады.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тақырыбымыз Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
1. Тақтаға назар аударамыз.
а) Электрондық оқулықпен жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру