Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар (лексикалық)
Есімдік (грамматикалық)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру; Есімдік туралы түсінік, жалпы мағлұмат беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, ойын ойнату.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, грамматикалық ойындар, ойын заттары (оқтау, тақия, орамал)
Сабақ барысы:
І. Психологиялық кезеңі
А) Сәлемдесу.
Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Қонақтармен амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Балалар қонақтармен амандасады:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен біз
Ә) Оқушыларды түгелдеу
Б) Кезекшімен сұхбат жүргізу.
В) Сабақтың мақсатын айту.
Балалар өткен сабақта біз ұлттық ойындар деген тақырыбын өттік. Бүгін біз сол лексикалық тақырыпты жалғастырамыз. Ал грамматикалық тақырыбымыз Есімдік деген сөз табы. Бүгін сабақта біздің мақсатымыз ұлттық ойындарымен жақындау, терең танысу және есімдіктерді сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ал енді үй жұмысын тексерейік.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (сұрақ - жауап жүргізу)
Қазақ ұлттық ойындарының суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Сөздік жұмысын жүргізу:
Байланысты – связано
Төрт – түлік мал – четыре вида скота
Тұрмыс – быт
Салт - дәстүрлер – обычаи и традиции
Ұпай – очко
Қойшылар – чабаны
Қой құмалақтары – овечьи катышки
Икемділік – склонность к чему – либо
Ептілік – ловкость, проворность
Тапқырлық – находчивость
Есеп – счет
Зеректік – сообразительность, смышленность
- Ұлттық ойындар немен байланысты?
- Ұлттық ойындар нені қажет етеді?
- Қойшылар ойнағанда немен пайдаланды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және
икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
- Балалар, ойынды кім жақсы көрмейді? Әрине жауап жоқ. Барлық бала ойнауды жақсы көреді. Солай емес пе? Ендеше, қазақша ойын ойнап көрейік. Ойын ойнап отырып, сендер қазақша көп сөздерді үйреніп аласыңдар. Бүгін бізді Залина, Женя, Рустем және Диана мектеп жасындағы балаларға арналған ойындармен таныстырады.
Ә) Оқушылыр келесі ойындармен сыныптастарын ойнатып, таныстырады.
Көтермек - Подними - ка Женя
Тақия тастамақ - Тюбитейка – невидимка Диана
Оқтау тартыс - Перетяни - ка Рустем
Түйілген орамал - Завязанный платок Залина
Сұрақтар қою:
- Балалар, осы ойындар қандай түрге жатады? (түрлі заттармен ойналатын)
- Ал қандай заттармен біз пайдаландық? (оқтау, тақия, орамал)
- Балалар, сендерге ойындар ұнады ма?