Солдан оңға қарай оқимыз

Скачать

Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есеп бойынша теңдеу құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: теңдеу шешу дағдыларын дамыту, есеп бойынша теңдеу құра білуге үйрету
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ой - өрісін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мәні: шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілік: қима қағаздар, суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: дәстүрлі
Қолданылатын технология: ОСКТ технологиясы

Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Мағынаны тану
а) көркем жазу
ә) оқулықпен жұмыс
IV. Ой толғаныс

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Табиғатта күн сәулесі бар. Ол жер бетіне жарық шашып, тіршілік береді. Күнді өзіміз жасап көрейік. Көздеріңді жұмып, жүректеріңде кішкентай жұлдызша бар деп сезініңдер. Оған оймен жақындық сезімін әкелетін күн сәулесін бағыттайық. Жұлдызша үлкейіп барады. Сәулені бейбітшілікке бағыттайық. Жұлдызша тағы үлкейді. Сәулені қайырымдылыққа бағыттаймыз, ол одан әрі үлкейе түсті. Мен сәулені денсаулық, қуаныш, жылу, жарық, нәзіктік, мейірімділік жұлдызшаларына бағыттаймын. Енді жұлдызша күн сияқты үлкен болды. Ол бәріне - бәріне жылу береді (қолды екі жаққа жайып, бейнелеп көрсету).

II. Үй тапсырмасын тексеру
71 бет №7 есеп
V= а. в. h
V= 12см. 3см. 2см = 72 см3 көк түс
V= 10см. 3см. 2см = 60 см3 қызыл түс
V= 8 см. 3см. 2см = 48 см3 қоңыр түс
V= 6 см. 3см. 2см = 36 см3 сары түс
V= 4 см. 3см. 2см = 24 см3 жасыл түс

III. Мағынаны тану
Мен бір сан ойладым. Ол санды 2 - ге бөлгенде, 13 шығады. Белгісіз санды тап.
Көркем жазу: 26
26 санын сатылай кешенді талдау (ауызша)
1. Анықтама. 26 натурал сан. Себебі, заттарды санағанда заттардың санын өрнектеуге қолданылатын сандарды натурал сандар дейміз. 1 натурал сандардың бірлігі. Себебі, жиырма алты, жиырма алты бірден кұралады.
2. Тану.
2. 1 Жазылуы. 26 деп жазылады. Солдан оңға қарай жазылады.
2. 2 Оқылуы. 26 деп оқимыз. Солдан оңға қарай оқимыз.
2. 3 Мағынасы.
а) Бұл есептік сан. Себебі, заттардың сан мөлшерін өрнектейді. Мысалы: 26 қалам, 26 км жол, 26 л су.
ә) Бұл реттік сан. Себебі, заттардың ретін анықтайды.
Мысалы: 26 - шы пәтер, 26 - шы үй, 26 - шы оқушы.

Тақтамен жұмыс
Ойын: Тез, ойлан, тап!
№1, 7 тапсырмалар ауызша тақтада орындалады. Жауабын сандықшадан тауып, белгіле.
420: 6=70
220: 2=110
630: 90=7
14. 3=42
810: 9=90
34. 2=68
23. 3=69
29. 2=58
(60+24): 6=14
(300+60): 4=90
(300+270): 3=190
№2 тапсырма тақтада орындалады. Үш қатардан бір оқушыдан шығып, теңдеуді шешеді. Қалған үш теңдеу үйге беріледі.
Ереже: күрделі теңдеуді шешу үшін, алдымен оның қосымша есептеулерін орындап, жеңілдетіп алу керек.

Тақтамен жұмыс
№3 тапсырмадағы есепті теңдеу құру арқылы шығаруға болады.
Бірінші күні түскен қардың қалыңдығы белгілі. Екі күн ішінде түскен қардың да қалыңдығы белгілі. Екінші күні түскен қардың қалыңдығын х деп белгілейік. Сонда мынадай теңдеу құрастыруға болады: 100+х = 300.
Теңдеуді шешу арқылы есептің сұрағына жауап береміз. Ауызша.
14 + а = 45
а = 45 - 14
а = 31
14 + 31 = 45
45 = 45

100+х = 300
х = 300 - 100
х = 200
100+200 = 300
300 = 300


Скачать


zharar.kz