Неше шалбар

Скачать

Ұйымдасқан оқу жұмысының жоспары
Ягодка тобы
Білім беру аймағы: Қатынас
Білім беру саласы: Қазақ тілі
Тақырыбы: Киімдер
Мақсаты:
Білімділік: Киімдер тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту, үлгі бойынша сөйлемдер құрап айтуға үйрету.
Дамытушылық: диалог түрінде сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Киім кию мәдениеті туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы + билингвалдық компонент: көйлек – платье, жейде – кофта, шалбар – брюки, тон – шуба, құлақшын – шапка, қолғап – варежки, етік – сапоги, бәтеңке – ботинки.
Құрал - жабдықтар: түрлі - түсті суреттер, қуыршақ, қуыршақтың киімдері.

Мотивациялық - қозғаушылық
Сәлемдеседі: Сәлемдесу сөздерін қайталау (бірінші мұғалім амандасады, сосын балалардың сәлемін күтеді.
1. Шаттық шеңбері:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.

2. Сабақтың жаңа тақырыбымен таныстыру: киім – одежда, көйлек – платье, жейде – кофта, күрте – куртка, шалбар – брюки, тон – шуба, бас киім – шапка, қолғап – варежки, етік – сапоги, бәтеңке – ботинки. Балаларға киімдердің атауларын топпен және жеке - жеке айтқызу.

3. Киімдердің түстерін, санын сұрау: Мына көйлектің түсі қандай? Мына шалбардың түсі қандай? Неше шалбар? Мына күртенің түсі қандай? Мына етіктің түсі қандай? Мына бас киімнің түсі қандай?

Ұйымдастыру - іздестіру
4. Сергіту сәті.

5. Тіл дамыту жаттығулары:
То - то - то - тон
Де - де - де - жейде
Лек - лек - лек - көйлек
Ім - ім - ім - киім
Ғап - ғап - ғап - қолғап
Тік - тік - тік - етік
Шын - шын - шын - құлақшын.

6. Дүкенде ойынын ойнату: Тақтаға киімдердің суреттері ілінеді. Бір бала тақтаға шығып, сатушы болады. Келесі бала сатып алушы болып келеді:
Киімдер жүктеу


Скачать


zharar.kz