Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Енсегенов Калыбай
Тақырыбы: Х дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Х дыбысы мен әрпін таниды, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып жазуға үйренеді
2. Ой – өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілет терін дамытады.
3. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: х дыбысы мен әрпінің плакаты, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Шаттық шеңберін жасау арқылы бір - біріне тілек жазылған хат береді.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
- Я, Ю дыбыстары туралы не білеміз? Қосарлы дауысты дыбыстар Я дыбысы Ю дыбысы Жеке тұрғанда буын құрайды. Жарыс мәтінін оқыту, сұрақтар қою. Аю, тақия, ою, пияз, қиярдың суреттерін қарап естерінде сақтап жазады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Тақтадағы хат, шахмат, халат, хоккей, дәріхана, мейрамхана, емхана суреттерін қарап, аттарын атау.
Х дыбысы. Таныс емес әріпті атау. Х дыбысын дауыстап бірнеше рет айту.
- Дауыссыз
- Араб, парсы тілінен енген.
- Бағандағы сөздерді оқу, мағынасын түсіну.
- Хат, ха - бар, дә - рі - ха – на, шах – мат, хор, ха - лат, ас - ха – на, сая - хат
ІҮ. Дәптермен жұмыс
Х әрпін ауада жазып үйрену.
Дәптерге жазу. Хат, хат тасушы туралы айту. Қаламмен жазады, компьютермен жазады, поштаға келеді.
Ү. Сергіту жаттығу
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Біп - биік боп өседі.
Оқулықпен жұмыс.
Кітапхана мәтінін оқыту,
Кітапхана, кітапханашы туралы ойларын сұрау.
Ойын: Ұйқасын тап ойыны
... атпаймыз,
... баспаймыз.
... баламыз
... ойнаймыз.
ҮІ. Қорыту.
Сөз құрастыру. Ем хана Ас... Дәрі... Кітап... Шебер... Ұста...
Хамит, Хадиша, Нұрхат сөздерін оқу.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Х дыбысы мен әрпі. Бағандағы сөздерді оқу. Кітапхана мәтінін оқу, мазмұнын ұғыну.
ҮІІІ. Бағалау