Дүниетану сабағы 3 - сынып
Тақырыбы: Тау жынысы деген не?
Мақсаты: Тау жыныстарының әртүрлілігін түсіндіру.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызын үйрету.
Пайдалы қазбаларды қорғауға, жанғыш пайдалы қазбаларды үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Қатты тау жыныстарының коллекциясы, саз, құм, кристалл тастарының жиынтығы,
электронды оқулық, интер тақтадан дайындалған схема сызбалары.
Сабақтың әдіс - тәсілі:
Түсіндіру, тізбектеп оқыту, ой қозғау стратегиясы, тірек - сызба арқылы, Веен көрсетуі,
сұрақ қою, жауап іздеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа қатысын байқау, амандасу
Оқушылардың қызығушылығын ояту:
Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін,
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін,
Қоршаған бар әлемді, өзімді және сіздерді сүйемін.
Оқушылар:
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Үй тапсырмасын сұрау:
Интербелсенді тақтадан электронды оқулықты пайдаланып № 4, 6, 7, 8, 11, 14, 16 тест тапсырмаларын орындау.
Жаңа тақырып:
Тау жыныстары деген не?
Миды шынықтыру.
- Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланылады?
- Оларды қайдан алады?
- Отынның қандай түрлерін білесіңдер?
- Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?
Оқулықпен жұмыс:
А) тақырыпты тізбектеп оқу.
ә) мағынасын ашу
б) тақтаға топтастыру схемасын құрастыру.
в) дәптермен жұмыс
Таужыныстары
↓
Құм, саз, гранит, мәрмәр, әктас,мұнай,газ, таскөмір кені –бұлар пайдалы қазбалар.
Осындай пайдалы қазбалар табылған жер – кен деп аталады. Оларды өндіретін орын – кеніш деп аталады.