Мұқағали Мақатаев Бүгін менің туған күнім (электронды оқулық)

Скачать


Мұқағали Мақатаев "Бүгін менің туған күнім" (электронды оқулық).

Ерлан Шарапиев
Өзбекстан Қарақалпақстан Республикасы,
Мойнақ ауданы №18орта мектебінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы

9-ақпан қазақтың дара ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ең бірінші бақытым – халқым менің, Саған берем ойымның алтын кенін , деп көзінің тірісінде халқын қастерлеп өткен ақын ұлын, артындағы елі де ұмытпақ емес. Өткен жылы 80 жасқа толды.Туған халқы ұлан-асыр той жасады. Ақын туған өлке – Жетісу өңірі мерейтойға ерекше дайындалыпты. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызына арналған дүбірлі тойға деген менің де үлесім болсын және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы ретінде ақиық ақын жырларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау үшін қолдан келгенше электронды оқулық дайындадым.

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп жырлап еді-ау асыл ақын.

Басу айтқан боламыз:
Иманды ұрпақ жүрегіне көмілгесін,
Жырларыңа халқың неге шөліркесін,
Ақ бұлттары арымайтын шың секілді,
Сен әлі ұлылықтың көгіндесің



12 бөліктен тұрады Total Comander программасымен жинау қажет!


Скачать


zharar.kz