Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен – егеменді елдің болашағымын
Мақсаты: ҚР - ның картасымен, әсіресе Жамбыл облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі:
суреттер, карта, әуен.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Атамекен әнін балалар хормен орындайды.
Кіріспе бөлім.
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.
Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.
- Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
- Біздің астанамыз қалай аталады?
- Біздің елордамыз – Астана.
Негізгі бөлім.
- Бұл тақтаға ілінген бұл не?
- Бұл – карта.
- Жарайсыңдар! Иә, мынау – Қазақстан картасы, мында Қазақстанның қалалары, облыстары, өзен - көлдері көрсетілген, біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы. Мәселен, мұнай - газ, уран, т. б. Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9 - шы орында тұр. Біз осындай елде туып - өскенімізді мақтан ете аламыз.
- Ал, мынау біздің – Жамбыл облысы.
- Ал, мына, сол жақта не көріп тұрсыңдар?
- Жақсы, олай болса, елімізге, туған жер мен Отанымызға арналған тақпақтар мен мақал - мәтелдерге кезек берейік!
Ақмаржан:
Қазақстан - туған өлкем,
Жер көп пе, сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпим
Аружан:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Азат:
Туған жер беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың - мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Дина:
Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың.
Аяулымның орындауындағы Жұмыр қылыш биі.
- Бәрекелді, жарайсың!

Мен – егеменді елдің болашағымын. жүктеу


Скачать


zharar.kz