Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіру. Күзгі ауа райы құбылысын бақылау.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: табиғатты аялап, күтуге тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: табиғат - природа, күн - день, түн - ночь
Жұмыс кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеттері Балалардың іс - әрекеттері
Мотивациялық қозғаушылық.
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.
- Армысыз, алтын Күн!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Күліп шықты күн бүгін!
Қуанайық, шаттанайық бәріміз. Балалар жақсы көңіл күймен сәлемдеседі.
Ұйымдастыру - іздестіру.
Саябаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.
Б. Жақыптың "Күзде" өлеңінің мазмұнын ашу:
- жемістер;
- көкөністер;
- жидектердің пайдасын, оларды жинау туралы әңгімелеу;
Балаларға "Табиғат сыйы" деген ұғымның мағынасын түсіндіру, табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшелігін, алуан түсті жапырақтар, табиғи материалдар туралы түсіндіру. Балалар табиғи материалдарды жинап, күзгі жапырақтардың түстеріне, пішініне, ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына назар аударады.
Сергіту сәтін өткізу:
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Жеміс - жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе.
Жидек - таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемістің жалпы атауы.
Серуенде табиғатты тамашалайды.
Өлең жолдарын тыңдайды, түсінеді.
Серуенде балалар табиғи материалдарды жинап, олардан өздерінің қиялдарынан "Күзгі орман" композициясын құрастырады.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Рефлексивті – түзетушілік.
Тақырыпты бекіту үшін "Cен жасыр, біз табамыз" деген дидактикалық ойын ұйымдастырылады. Шарты: балалар көздерін жұмып отырады. педагогтың белгісімен бір бала жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына тығып тұрады. Бала өзі жасырған жеміс не көкөністің атын айтпай сипаттайды. Балалар жасырған жеміс не көкөністің атын айтулары тиіс. Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады.
Күтілетін нәтиже: табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.
Нені біледі: күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі.
Қандай түсініктерді игерді: ауаның температурасының өзгеруін түсіну.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғи материалдардан композиция жасай білу.