Фариза Оңғарсынова өлеңі
Баланың еркелігін
Шытынап, көтермейміз.
Үш жаста - ақ ел сенімін
Ақтаса екен дейміз.
Ойлаймыз: жүгірмесе,
Сұрақтар бермесе көп,
Көр - жерге үңілмесе,
Жаныма келмесе деп.
Жүр дейміз арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан боп
туғандай анамыздан.
Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау