Анасы баласын туарын туып алып, қоқысқа тастап кеткені қай сасқаны

Скачать

Ана
Ана сөзін естігенде көз алдыңа ананың алақаны, аялы сөзі түспеске қоймас. Ана сені тоғыз ай, тоғыз күн бойы құрсағында қорғап, сен дүниеге келем дегенше қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай дүниеге алып келеді. Дүние есігін ашқанда ең алдымен шырылдап анаңды іздеп бағасың. Анаңмен табысқанда ғана жаның жай табады. Ана мен бала табысса, оларды ешкім айыра алмас. Қазір ана мен бала бір - бірімен біреу айырмай - ақ, өз беттерімен айырылысып кетіп жүр. Сонда ана мен бала арасындағы махаббат пен үзілмес байланыс қайда қалады? Оны қайда ысырып тастай аламыз? Біз де жүрек қалмаған ба? Әлде сол жүректі жібітетін жан қалмағаны ма? Анасы баласын туарын туып алып, қоқысқа тастап кеткені қай сасқаны? Титтей де болса адамгершілік қасиеті болса, жанының бір бөлшегі баласын ең болмағанда балалар үйіне тапсырса болар еді? Бұндай адамдар адамгершілікке қарағанда жамандыққа жақын болар, сірә. Ал баласы анасын қайраты қайтып қартайғанда керексіз етіп лақтырып тастайды. Тура бір зат сыңайлы. Жаңа кезінде пайдаланып, ескірген кезінде далаға тастайды. Қарт анасын қарттар үйіне өткізіп, анасының жүрегін жаралап тастап кететін адамдарды түсінбеймін. Анасы оны жылдар бойы асырап, бағып - қағып, ешкімнен кем қылмай өсірді. Анасының қадірін білмеген адам, ана атануға лайық емес.
Анаға деген парызыңды өмір бойы аялап өтсең де өтей алмайсың. Қазір ана деген сөз сирек те болса айтылатын шығар деген үміттемін. Неге бұлай дедім? Себебі бір - ақ нәрсе: ана сөзінің мама сөзінің тасасында қалып қоюы. Сонда мама сөзінің қандай ерекшелігі болғаны? Керісінше, ана сөзінің құдіретіне шек жетпейді емес пе? Ана сөзі ерте кезден келе жатқан қазақ сөздерінің бірі. Ал мама бізге жат сөздің бірі болуы тиіс еді. Бірақ, біз бұл сөзді жанымызға тым жақын етіп алдық. Өзі де қазақ сөзі емес, ал ана сөзі қазақ тілінің қазынасы. Егер біз қазірден тілімізді дұрыстамасақ, кейін кім болып кететініміз белгісіз. Сондықтан, ана сөзін де, ананың өзін де аялай білейік....


Скачать


zharar.kz