Құтты болсын, Елбасының мерекесі

Скачать

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,
Бәйтерек балабақшасының тәрбиешісі:
Сейдашева Жанар Атырханқызы

Мерекелік ертеңгілік: Елін сүйген, Елбасы
Әуен Көк Ту естіліп тұрады. Көңілді әуенмен балалар ән – күй залына кіреді.
(Ту ұстаған балалар залдың 2 жағынан жүріп өтіп, қимылдар жасап, сахнаға барып тұрады.)

Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін бізде үлкен мереке.
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!
Құтты болсын, Елбасының мерекесі!
Құтты болсын, қазағымның берекесі!
Бұл қазақты бар әлемге танытқан,
Нұрсұлтан аға – бар қазақтың егесі!

Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін!
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

Гимн айтылады.

Тәрбиеші:
Құрметті көрермендер, мерекемізді балалардың өлең шумақтарымен жалғастырамыз.

Ортаға Нұрасыл, Темірлан, Ерасыл, Мейірлан, Нұрдәулет, Арнат шығады

Бар әлемге шын танылдық міне, біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Елбасын құрметтейміз ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік. Нұрасыл

Президентім жасасын,
Осы еді бала тілегім.
Желтоқсанмен жаңарып,
Келді күткен күн бүгін! Темірлан

Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз.
Халқымызға пана болған данамыз.
Әрқашанда мақтан етіп жүреміз,
Жазық маңдай кең пейілді данамыз. Ерасыл

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар.
Еліміздің туған күнін ардақтау,
Бәріміздің борышымыз, бауырлар. Мейірлан

Ел тынысын тереңінен танып кең.
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта,
Қалар анық өшпес алтын әріппен. Нұрдәулет

Елімде бейбіт тыныш заман болсын.
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын! Арнат

Ән: Қазақстан
Тәрбиеші:
Балалар мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Ойын: Бәйтерек
Шарты: Ұлдар, қыздар бөлініп екі шеңбер жасайды. Орталарында шар тұрады. Әуеннің ырғағына қарай би қимылдарын жасап, шарды айнала жүреді. Әуен тоқтаған кезде жылдам бір бала шарды алып, жоғары көтеріп тұрады. Қалған балалар бәйтеректі жасайды.
Тәрбиеші:
Егеменді елдің басты белгісі – тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, біздің ана тіліміз.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге сырлы ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: Ана - тілін сүйеміз
Орындайтындар: Аяжан, Ж. Ақерке.
Тәрбиеші:
Өнерлі өрге жүзер - деп, қыздарымыздың орындауындағы биді
назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақша би
Тәрбиеші:
Отан деген не? Балалар, қалай түсінесіңдер?
- Отан деген - туған жер.
Отан деген - менің қалам.
Отан деген - өз елім! Мағжан
- Отан деген – балабақшам. Фариза
Отан деген – Отбасым. Карина:
Отан деген – атам, әжем, әкем, анам! Аяжан:
Дұрыс айтасыңдар. Балалар біз кішкентай кезімізден Отанды сүюге үйренгенбіз. Отанға деген сүйіспеншілік біздің Отанымыздан басталады. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.
Ән: Менің Отаным
Отан туралы тақпақтарымен ортаға Ақерке, Нұрбек, Шапағат шығады.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз. С. Ақерке

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күшін сүйем.
Отан! Отан! Отан!
Бәрінен де биік маған! Нұрбек

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалады шапағы.
Байтақ елім – Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны. Шапағат
Ойын: Көңілді қамшы

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Әдемі әуенге қамшы қолдан - қолға беріледі.
Әуен тоқтаған кезде, кімнің қолында қамшы сол ортаға шығып, билеп береді.

Тәрбиеші:
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәңгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам, ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.

Астана - тәуелсіз елдің жүрегі, татулық пен бірліктің ордасы.
Астана қаласының сұлу келбеті әлемді таң қалдырады.
Енді, балалардың орындауындағы әдемі Астана әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Астана
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы – деп, Астана туралы тақпақтарымен Аяжан
мен Ақерке.

Елордам менің Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам. Аяжан

Дараланып әлемнің картасында,
Сары бел, сары арқаның ортасында.
Астана ертегідей ғажаптанды,
Кемеңгер Нұр ағаның арқасында. Ж. Ақерке
Ән: Біз бақытты балдырған
Тәрбиеші:
Осымен құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі тұңғыш президент күніне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Скачать


zharar.kz