Әділ - қазылар алқасы

Скачать

"Болашақ" балабақшасында 2014 жылы 30 қазанда "Күз ханшайымы" ертеңгілігі өтті. Балалар би билеп, ән айтып, көркем сөз оқып өздерінің өнерлерін көрсетті.
Жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата - аналар, бөбектер, әріптестер, табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзімізде келіп жетті.
Жылдың қай мезгілін алсақ та табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз.
Сондай көңілді шағымызда бүгін Қарлығаш топ балаларының арасында
Күз ханзадасымен ханшайымын таңдап алмақпыз. Алтын күз мерекесі құтты болсын дей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныс болайық.
Әділ - қазылар алқасы.
Ата - ана:
1. Нұржамал.
2. Жанар.

Жүргізуші:

Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Бал-бұл жанып сайыскерлер шықты ортаға.
Қол ұрмай қалған сірә, адам барма?- дей отырып
сахнаға қатысушы бүлдіршіндерімізді шақырайық.
*
*
*
*
Енді, күзгі бал сайысымыздағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныс болайық.
1. Таныстыру
2. Өз өнерін көрсету
3. Сұрақ - жауап
4. Ас мәзірі
5. Көрме ұйымдастыру
6. Сән үлгісі
Жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып
сайысымыздың 1 - кезеңін бастаймыз.

Таныстыру.

Әділ қазылар сайысымыздың 1 - ші бөліміне баға берсек.
Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.
дей отырып сайыскерлеріміз 2 - ші кезеңге дайын болғанша балалардың алтын күзге деген тақырыптарын қабыл алыңыз.
2 - кезең Өнерлі өрге жүзер деп келесі кезең өз өнерін көрсету.

3 - кезең Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар - демекші келесі кезеңіміз сұрақ - жауап.
Әр жұп билет суырады. Жауап береді.
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайын болғанша ортаға Көкөністер айтысын тамашалаңыз.
4 - кезең
Толтырып дәнге қырманды
Бастадым қырда думанды
Мәуемді терген бағбанның
Жанарында нұр жанды
Өздерің аңсай сағынар
Шырыны - шәрбат, дәмі бал
Қауын - қарбыз жүзімнің
Бәрі менен табылар.
Ас адамның арқауы демекші келесі кезеңде үйден дайындап әкелінген ас мәзірлерін қорғап, оны тапсыру.

Ата - анамен сұрақ - жауап.

Жақсы - ау қауын жинаған
Жақсы - ау қарбыз жинаған
Бәрінен де жақсысы
Үлкен сөзін тыңдаған
Бабалардан қалған сөз
Дей көрмеңдер жалған сөз
Баршаға бар пайдасы
Балалар құп алған сөз.
Бабалардан қалған сөз.
Баршаға бар пайдасы
Балалар құп алған сөз.
Бабалардан қалған, біздерді жат әдеттен сақтандыратын қандай ырым,
тиым сөздерді білесіңдер? Ортаға 4 - 5 ата - ана шақырып жауап алу.

1. Құран сөзін қайтала
Білмесе жұрт айта ма?
Әлі бала жатпаған
Құр бесікті шайқама.

• Жұрттың басын қатырма
Ойбай салып бақырма
Үй ішінде ысқырма
Жаман ырым шақырма.

5 - кезең. Сән үлгісі.
Музыкамен вальс билеп тұрады.

6 - кезең. Көрме ұйымдастыру.

Осыменен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар
өнерлерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті, ендігі кезек әділ қазыларда.
Балаларды дипломмен мадақтау.


Скачать


zharar.kz