Саусақ жаттығулары

Скачать

Тақырыбы: С - З дыбыстарын ажырату Қыс
Мақсаты: 1. С - З дыбыстарының артикуляциясын нақтылай отырып, буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату; сөйлеу барысында анық, таза айтуға үйрету. Қыс мезгілінде болатын құбылыстармен таныстырып, байланыстырып сөйлеуге және сұраққа толық жауап беруге машықтандыру.
2. Фонетикалық - фонематикалық есту қабілетін, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту; артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу мүшелерінің қызметін жетілдіру.
3. Өз - өзін қадағалауға, бір - біріне көмектесуге және кедергі жасамауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстап, қамқор болуға баулу.
Көрнекілігі: С, З дыбыстарының профилі, кеспе суреттер, шырша, үлестірмелі парақшалар, ойыншықтар.
Құрал - жабдығы: Интерактивті тақта, слайд
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психогимнастика:– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыс мезгілінде қандай айлар бар?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қыста ауа - райы қандай болады?
- Суық, аяз, боран даусын тыңдату
- Кәне, балалар, тоңғанда қалай жылынамыз? тоңған адамды бейнелеу арқылы бетке массаж, тыныс жаттығуын, жалпы және ұсақ қол - қимыл жаттығуларын жасату
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Анық, таза сөйлеуге үйрену сабағы.
- Олай болса, тілімізге жаттығулар жасайық

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар
Кесе , Астыңғы тісті тазалау , Ине , Тәтті қайнатпа , Құбыр , Сағат

ІІІ. Жаңа сабақ.
Заузадан көре аласың,
Заңғардан таба аласың,
Байқамасаң анықтап,
Үш екен деп қаласың. З
Қыста бар, жазда жоқ.
Түсте бар, кешке жоқ С
Бұл дыбыстар бүгін бізге қонаққа келген С, З дыбыстарына ұқсайды екен.
С, З дыбыстарының артикуляциялық мінездемесі профилін көрсету
Ұқсастығы:
- ерін езу тартып тұрады
- тістердің арасы жақын
- тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі
- тілдің екі жағы жоғарғы тістерге тиеді, тілдің ортасымен сыртқа суық ауа шығады
- пішіні кесені еске түсіреді
Айырмашылығы:
С - дауыссыз, қатаң
- дауыс шымылдығы жұмыс істемейді
- тамақта қырыл жоқ дауыс жоқ
З - дауыссыз, ұяң
- дауыс шымылдығы жұмыс істейді
- тамақта қырыл бар дауыс бар
Венн диаграммасы арқылы түсіндіру
- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Жаңа жыл.
- Жаңа - жылды кімсіз көзімізге елестете алмаймыз?
- Аяз Атасыз.
- Дұрыс.
- Балалар, Аяз Ата бізге мынадай тапсырма беріп жіберіпті. Егер тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындасақ, Аяз Ата да тез келеді екен.
1. Тапсырма С - З дыбыстарын бір - бірінен ажырату Ойын Кім зейінді?
С дыбысын естісең 1 рет, З дыбысын естісең 2 рет алақан соқ
2. Тапсырма
Ұйқасын тап Буындық жаттығу С - З дыбыстарын буында ажырату
Са - са - са – Сара ----------- ас - ас - ас - бұйра бас
За - за - за – Зада ------------ аз - аз - аз - басы таз
Сы - сы - сы – сыбдыр ----- ыс - ыс - ыс - келді қыс
Зы - зы - зы - зығыр --------- ыз - ыз - ыз – соқты аяз
3. Тапсырма
Ойын Не артық? С - З дыбыстарын сөзде ажырату
С - асқабақ, сарымсақ, сәбіз, бұрыш
З - қияр, қызылша, пияз, қызанақ

IV. Сергіту сәті: Саусақ жаттығулары
4. Тапсырма:
Шыршаны безендір С - З дыбыстарын сөйлемде ажырату
А. Жұмбақты шеш
Ә. Жаңылмай айт жаңылтпаш
Б. Қыс туралы қандай тақпақ білесің?
В. Көп нүктенің орнына тиісті С - З әріптерінің бірін қой.

V Көзге жаттығу
5. Тапсырма: Көкөніс пен жемісті ажырат трафаретпен жұмыс
6. Тапсырма Аққала жаса
7. Мәтін Қыс қызықтары

VI. Бекіту Сиқырлы таяқша арқылы
- Бүгін біз не істедік? Қандай дыбыстарды ажыраттық?
- С қандай дыбыс?
- З қандай дыбыс?

VII. Қорытынды.
Балаларды мадақтау, марапаттау
VIII. Үйге тапсырма. Менің қысқы демалысым эссе жазу.


Скачать


zharar.kz