Қансонарда өлеңін талдау

Скачать

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам кенті
№80 мектеп-гимназиясының I санатты
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Файзуллаева Құралай Жүрекбайқызы

Әдебиет, 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қансонарда өлеңін талдау.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік мақсаты: Абайдың өмірге келген уақыты мен өскен ортасы туралы түсінік беру.
Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу.
Өлеңге теориялық, тілдік талдау жасау.
ә)Дамытушылық мақсаты: Аңшылық, саятшылық туралы, өлең мазмұны туралы түсініктерін кеңейту. Әдебиет теориясынан білімдерін дамыту. Композиция туралы ұғым қалыптастыру.
б) Тәрбиелік мақсаты:Өлеңді зейін қойып тыңдай білуге, өзгенің пікіріне сыйластықпен қарауға үйрету. Шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: топтау, кубизм, талдау, сұрақ – жауап, баяндау.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, сызбалар, кітап көрмесі

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 -2 мин.)
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Қызығушылықты ояту
Үйге тапсырма класты үш топқа бөле отырып берілген.
І топ - Суреткерлер .
ІІ топ - Әдебиетшілер .
ІІІ топ - Әдебиет зерттеушілері .
І топқа: Өлең мазмұнына сай сурет салып келу
ІІ топқа: Өлеңді жаттау.
ІІІ топқа: Аңшылық, саятшылық туралы зерттеу жасау
3. Мағынаны тану.
а) Мұғалім сөзі.
ә) Өлеңнің мазмұнын талдау.

Р с Суреттеу жоспары Қойылатын сұрақтар
1 Қансонарда аңға шыққан бүркітші.
а) Қансонар деген не?
ә) Бүркітшіге не ғанибет, киімі қандай?
б) Із салу, қағушы дегені не?
2 Бүркіт пен түлкінің бір-бірін көруі
а) Томаға деген не? Бүркіт қалай самғады?
ә) Бүркітті көрген түлкі не істеді?
б) Түлкінің қырық пышағы не?
3 Көк тағысы мен жер тағысының адам үшін қызыл қанға батысуы а) Сегіз найза, қыран паң, батыр деген сөздер нені білдіреді?
ә) Бүркіт түлкіге қалай түсті?
б) Бұлардың жекпе-жегін ақын неге теңейді?
в) Көк тағысы, жер тағысы деген не?
4 Түлкі алған бүркіттің қар үстіндегі суреті
а) Ақ, қара, қызыл деген сөздердің астарында қандай ұғым бар?
5 Құс пен иесінің қораздануы
а) Құс неге және кімге қоразданады?
ә) Үйірімен үш тоғыз деудің мәнісі не?
6 Ақынның аңшылық жайындағы ойлары
а) Аңшылардың сүйетін әңгімесі?
ә) Ол кімдерге, не үшін мін тағады?
б) Кубизм стратегиясы бойынша жұмыс.

І Өлеңге теориялық талдау.
ІІ Композициялық талдау.

Р с Композиция Дәлелдер
1 Сюжеттің басталуы
2 Оқиғалардың байланысы
3 Оқиғаның шарықтау шегі
4 Оқиғаның шешімі

ІІІ Тіліне талдау.
Р с Көркем тіл түрлері Мысалдар
1 Поэзиялық бейнелі сөздер:
- метафора
- теңеу
- эпитет
- шендестіру
2 Халық мақал-мәтелдері:
3 Басқа тілден енген сөздер:

в) Топтарға жеке жұмыстар мен сұрақтар беру.
Әдебиет зерттеушілеріне:
1. Абайдың туған жылы мен өскен ортасы туралы.
2. Қансонарда өлеңі сияқты суреттеу, сипаттау түрінде жазған басқа өлеңдері.
Жас әдебиетшілерге:
Абай ата ізімен өлең шығару немесе шығарған өлеңдерін оқу.
Суреткерлер тобына:
Өлеңнен мен не ұқтым?
Әңгімелеу (эссе жазу).

4.Мағынаны ажырату
Дәптермен жұмыс.
Талдау жұмыстарын дәптерге жаздыртамын.
5 жолды өлең стратегиясы

Бүркіт
Тырнақты, күшті
Аулайды, баптайды, шүйлігеді.
Бүркіт - аңшының қасиетті құсы
Қыран
5. Оқушылардың білімін бағалау Оқушыларды бағалау.
6.Үйге тапсырма беру: Қансонарда өлеңіне құрылған жоспар
бойынша мазмұндама жазу.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz