Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту, сөздерді бір - бірімен байланыстыра сөйлеуге үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін қадағалау, ой - өрістерін кеңейту, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жемістер - көкөністер муляждары, себет, жабайы аңдар мен үй жануарлары суреттері, текшелер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, дыбыстарды ажырату, ойын.
Шаттық шеңбері Қайырлы күн достар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың шапағатты Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарытып бар әлемді жарылқа.
Мұғалім: Балалар, сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
Балалар: Қазақстан.
Мұғалім: Қазақстандағы мемлекеттік тіл - қай тіл?
Балалар: қазақ тілі.
Мұғалім: Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Балалар: Екібастұзда
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет. Енді ойын – сабағымызды бастаймыз.
Дидактикалық ойын: Танысу . Әркім өзін таныстыру үшін допты алып, бір - біріне бере отырып, өздерінің аттарын айтады. Мысалы: Менің атым..... ,- деп өзін таныстырады.
Мұғалім: Келесі ойын Сөз ойлан, тез ойлан деп аталады. Мысалы: Қо.., сә..., қи..., ба..., қас..., жыл..., т. с. с жалғаса береді. (Балалар жалғасын тауып айтады)
Мұғалім: Жабайы аңдар мен үй жануарларын ата ойыны. Яғни сурет бойынша жабайы аңдар мен үй жануарларын екі тілде айтып, толық жауап беру. Мысалы:
Түлкі - лиса - жабайы аң.
Сиыр - корова - үй жануары.
Қоян - заяц - жабайы аң.
Түйе – верблюд - жабайы аң. Т. с. с
Мұғалім: Өте жақсы! Жарайсыңдар, балалар! Енді бойымызды жазып алайық.
● Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Кәне, көрсет алақан,
Саусақтарың әйбат
Былай - былай ойнат.
Топ - топ, топ - топ басамыз,
Жалаудан күн жасаймыз,
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
Мұғалім: Ендігі ойын Көкөніс пен жемісті сипатына қарай тап . Мен кез - келген жемісті, не көкөністі сипаттаймын, сендер жауабын айтасыңдар. Мысалы: Сары, сопақ, дәмі қышқыл, ағашта өседі... (лимон).
Домалақ, тәтті, шырынды, қызыл.... (алма)
Домалақ, ащы, сарғыш.... (пияз)
Сопақ, жасыл, дәмді.... (қияр)
Сары, жасыл, тәтті, шырынды, шам тәрізді... (алмұрт). Т. с. с
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Енді Себетке сал ойыны. Көкөністерді бөлек, жемістерді бөлек жинайсыңдар.
Мұғалім: Келесі ойын Сөз құрау . Текшелерді алып 2 - 3 әріптен тұратын сөздер құрау. Мысалы: аю, ит, доп, ана, үй, нан, піл, бас, т. б.
Қорытынды
Мұғалім: Балалар, бүгін сабақта өз білімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер, рахмет сендерге. Сау болыңдар!