Кестедегі ақсақал сөзіне мәндес сөздер жазу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін мысалдар арқылы меңгерту. Біріккен сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшелікті таба білуге икемдеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Құзіреттілік, ақпараттық шығармашылықтарын арттыруға бағыт беру.
Тәрбиелілігі: Эстетикалық талғамдарын арттыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ - жауап, өз бетінше жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: фотосуреттер, кесте, үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар,

Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық: (бір - біріне тілек айту)

II. Өткен сабақты қорыту: "Күн жылуын алайық" ойыны арқылы өткен сабақты қорытып, үй жұмысын тексеру.
Сөз:
- түбір сөз
- күрделі сөз
- қыстырма сөз
- жұрнақ
- жалғау

III. Жаңа сабақ
Ойашар:
Сыныптағы балалардың фотосуреттері арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу (аттары біріккен сөзден келетін 7 баланың фотосуреттерін іліп қоямын)
Проблемалық сұрақ:
- Мен неге бұл балалардың фотоларын ілдім?
- Неге барлығыңның суреттеріңді ілмедім?(осы кезеңде әр бала өз ойларын ашық айтып, көз жеткізуге тырысады.)
Айсұлу, Айдос, Ақбөпе, Әсемгүл, Әділхан, Бауыржан, Нұргүл.
(оқушылар есімдері екі түбірден жасалғандығын табу керек)
Жұмбақ
Тұрамын үш түбірден
Ең алғашқы түбірім - "қос" сөзінің мәндесі
Ал екінші түбірім - ол адамның мүшесі
Ал үшінші түбірім - онсыз болмас ас дәмі.
(Екі+бас+тұз)
- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақыры "Біріккен сөздер"
Ой толғаныс:

Көркем жазу: Екібастұз
- Неге Екібастұз сөзін таңдап алдық? ( дәлелдеу)
Ойын: "Шашылған сөздер" Талдықорған, асқазан, тоғызқұмалақ, қараторғай, Шымбұлақ, Тасболат, ұлтабар, Жезқазған, ақсүйек, Шиеліөзен, аққу, Айгүл.
Кей сөздердің мағынасын ашып, тәрбиелік мағынасын түсіндіру.
- Бұл сөздерден нені аңғарып тұрсыңдар?
- Қалай топтауға болады?
Қаланың аттары, дене мүшесі, ойын атауы, аң - құс, өзен, көл, қала, кісі аттары(тағы да басқа атаулар болады)
Топқа бөлу: 6 - топ
4. Кітаппен жұмыс. Мақсат қою.
66 - бет 2 - жаттығу (әр топ өзіне тиісті сөздерді теріп жазу, сұрақ қою)

Кестемен жұмыс.
Кім? Не?
ақ+сақал ақсақал Қара+сай Қарасай

Ереже шығару: 1. Біріккен сөздердің түбірлері бірігіп жазылады.
2. Екі түбір қосылып бір мағынаны білдіреді.

Жұмбақ шешу: Тастамайды бір елі
Үйін сүйреп жүреді (тасбақа)
Сақталар терген олжасы
Алқымында бар дорбасы (бірқазан)
Сөздікпен жұмыс: Олжасы - тапқан пайдасы
Алқымында - тамағында

Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс: жеке - дара.
Ойдан біріккен сөздерге фразеологиялық сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру. (дәлелдеу)
Кестемен жұмыс:
Түбір сөздер
1. Ақ сақал
2. Дос жан
3. Екі бас тұз
4. Қызыл жар құдық
Біріккен сөздер
1. Ақсақал
2. Досжан
3. Екібастұз
4. Қызылжарқұдық

Кестедегі сөздерді дәлелдеу.
1 - топ. 1. Кестедегі ақсақал сөзіне мәндес сөздер жазу.
2. Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс (сөз тіркестері)
2 - топ. 1. Кестедегі дос сөзіне мәндес сөздер жазу.
2. Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс (сөз тіркестері)
3 - топ. 1. Кестедегі жар сөзіне мәндес сөздер жазу.
2. Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс (сөз тіркестері)

Деңгейлік тапсырмалар.
1 - деңгей.
Біріккен сөздерден жасалған кісі аттарын жазу.
Кісі аттары:

2 - деңгей.
а) Біріккен сөздерден құралған өсімдіктердің атын жаз.
Өсімдік аттары:

ә) Өсімдіктердің пайдасына тоқтау.

3 - деңгей.
а) Біріккен сөздерден құралған жер - су аттарын жазу.
Жер - су аттары:
ә) Біріккен сөз тіркестерінен мәтін құрастыру.

Ой қорытынды.
Біріккен сөз дегеніміз не?
1. Оқушылардың топтауы.
2. Оқушылардың бір - біріне сұрағы.
Бағалау.
Үйге тапсырма:


Скачать


zharar.kz