Тақырып: Қосу және азайту 3+56, 30+24
Мақсаты: 1. Оқушыларды қосуға және азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.
2. Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, өз бетімен шешім қабылдап, қорытынды ой - пікірлер білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, өзінің белсенді ойлау әрекетін жүзеге асыруына, сыйластыққа, ізеттілікке баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Түрі: Жаңа материалды игеру
Әдісі: Түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, ой қозғау, танымдық тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең. Оқушылардың пәнге қатысты оқу - құралдарының толықтығын қадағалау.
Психологиялық дайындық
- Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп өзімізге,
Біз сабақты бастайық.
Ұранымыз: Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (Өзіндік тексеру жұмысы жүргізіледі)
25 пен 5 - тің қосындысына 60 - ты қос.
70 пен 9 - дың қосындысынан 40 - ты азайт
60 пен 4 - тің қосындысынан 40 - ты азайт
20 мен 2 - нің қосындысына 50 - ді қос
3. Қызығушылығын ояту. (Жұмбақ жасыру)
- Балалар жұмбаққа назар аударайық.
1) Есепке де кіремін
Әріпте боп жүремін. (3).
- Дұрыс айтасыңдар.
- 3 саны, қандай әріп?
- З дауыссыз, ұяң.
- З саны – неше таңбалы?
- Бір таңбалы.
- Қай кластарға жатқызамыз?
- Бірліктер класына
- Келесі жұмбаққа назар аударайық.
2) Әріп десең, бүйірі тоқ,
Сан десең салмағы жоқ. (0)
- О саны – неше таңбалы?
- Бір таңбалы.
- Қандай әріп?
- О дауысты, жуан.
- Бастағы З цифрының қасына О цифрын қоятын болсақ, неше болады?
- ЗО
- 30 – неше таңбалы сан?
- 2 таңбалы сан.
- Қай кластарға жатады?
- Ондықтар класына.
- Неше ондық? Неше бірлік?
- 3 ондық, 0 бірлік.
Көркем жазу. 30 цифры.
- Дұрыс айтасыңдар. Енді жаңа сабаққа назар аударайық.
4. Не байқадың?
№2. 58 бет. Қосынды жаз. Оның мәнін тап.
1) 3 пен 56 сандарының, 30 пен 24 сандарының қосындысын жаз.
2) Қосылғыштардың орнын ауыстырып, тағы екі қосынды жаз.
3) Олардың мәндерін тап.
4) Не байқадың? Қосудың қандай қасиетін қолдандың?
5. Жаңа мағынаны тану.
3+56, 30+24 қосу және азайту.
- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық.
3+56= 50+(3+6)=59
- 3 қандай сан?
- 1 таңбалы, бірліктер класына жатады.
- Екінші қосылғыш 56 санын разрядтық қосылғыштарға жіктейік.
- Неше мен нешенің қосындысы?
- 50 және 6
- 50 неше таңбалы сан? Екі. Неше ондыққа тең? 5 ондық
- 6 неше таңбалы сан? Бір. Неше бірлікке тең? 6 бірлікке
- Амалды орындау үшін нелерді біріктіреміз?
- Бірліктерді.
3+6 жазуы нені білдіреді? Бірліктерге, бірліктерді қосуды білдіреді? 30+24=
- Бұл жерде 30 бен 24 сандарының қосындысы берілген.
- Бұл неше таңбалы сандардан құралған?
- Екі таңбалы.
- Бұл жерде нелерді біріктіреміз?
- Ондықтарды.
- 24 санын разрядтарға жіктейік? Неше мен нешенің қосындысы?
- 20+4, 20 неше ондық? 2 ондық
- 4 неше бірлік? 4 бірлік
6. Пысықтау жұмысы. (тақтамен жұмыс)
32+6
32+60
87 - 5
87 - 50
7. Ойын: Қоянға көмектесейік (Интерактивті тақтадан есептей отырып, тексеру)
Қызықты есептер:
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне кім шешеді?
(30 қаз)
100 асықтың 30 - ын
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалды?
(70 асық)
2 түйе, 2 жылқы
2 сиыр, 3 ешкі
2 қоян, 4 түлкі
Таба алмасаң бол күлкі
(14 )
Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма? (10 алма)
8. Оқулыпен жұмыс.
4 есеп. Қайсысы есеп? Оны шығар.
а) Шарты:
Алма – 13 кг.? кг
Алмұрт – 5кг
Шешуі: 13+5=18
ә) Сатып алынған – 15 кг.
Жіберілгені – 10 кг.
Қалғаны –? кг.
Шешуі: 15 - 10=5
Талдай отырып шығару
9. Көршілерін тап ойыны.
•••30••• •••29••• •••15•••
•••27••• •••25••• •••9••• 10.
10. Топтық жұмыс. (топтық жұмыс, өзіндік тексеру)
1 - қатар: 54 - а=4
2 - қатар: а+5=25
3 - қатар: 12 - а=10
Толық нұсқасын жүктеу