Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Отанын сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге үйрету, түсіндіру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін арттыру, білімдерін одан әрі дамыту.
3. Оқушыларды мемлекеттік белгілерді аса маңызды екенін, оны ерекше құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді жетілдіру.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, суреттер,
слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Амансыңдар ма, балалар,
Күн сайын өскен саналар,
Талапты бол, талантты,
Бүгінгі сабақ елімізге арналар.
2. Психологиялық дайындық.
Біз тілейміз бар балаға,
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер - білім нәрімен.
Әлемдегі баланың
Дос боламыз бәрімен.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Астана тақырыбы бойынша түсінігін айту.
Ә) Ой шақыру әдісі.
Қазақстан қандай мемлекет
↓
Тәуелсіз, егеменді, гүлденген, көп ұлтты, бейбітшілікті сүйгіш
4. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу үшін сөзжұмбақ шешу.
1. Киіз үйдің жоғарғы бөлігі не? (шаңырақ)
2. Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)
3. 1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды? (Ақмола)
4. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
5. Ұлттық мереке? (Наурыз)
6. Н. Ә. Назарбаев кім? (Президент)
7. Қазақстан неше елмен шектеседі? (бес)
8. Музыкалық аспап? (домбыра)