Ұлы ақын Абай атамыздың қарасөздеріне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер

Скачать

Мақсаты: Балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату:
Абайды ұрпаққа айтқан нақыл сөздерін бойына дарыту, қарасөздер арқылы сөздік қорларын молайту:
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Ұлы ақын Абай атамыздың қарасөздеріне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген. Абай ауылда мұсылманша хат таныған әжесі Зеренің тәрбиесінде болып, аңыз әңгімелер тыңдап өскен. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең - жырларды халық ішінен үйренеді.

1 - оқушы: Абай жаққан бір сәуле сөнбесін деп,
Қоламтаны үрледім өрлесін деп,
Алайық үлгі - өнеге ұлы ақыннан.
Екі топта тұрмыз ғой бір кемеде,
Шарықтасын ойымыз, лайлай берсін,- деп саған сәлемімді жолдай келдім.
Алғырлар тобының ұраны: Мал жұтайды, өнер жұтамайды .

2 - оқушы: Сәлеміңді Алғырлар қабылдаймыз,
Біз бүгін хас тұлпардың бабындаймыз.
Абай - дария, шөмішпен қалқып алдым,
Ашайын мен өзіңе сыр қоймасын,
Абайдай біртуарым қартаймасын.
Мен де саған тілеймін жақсылықты,
Қазаны біліміңнің ортаймасын.

1 - жүргізуші: Әжесі Зере мен анасы Ұлжан халқын, ел - жұртын сүйер мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа баулиды. Зере Абайға ел тарихын айтып, халқының тұрмыс - тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді.
Зере әженің тәрбиесінде болған ұлы ақынның балалық шағынан көрініс.
- Кел Абайжан, қоңыр қозым, қымыз ал!
- Әже, бұлдыр - бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?
- Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларың да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатты іздейді, соған талпынады. Егер оның іс - әректі, ақыл - ойы неғұрлым ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты. Шын асылдың асылдық қасиеті жоғалмайды.
- Мал жұтайды, өнер жұтамайды, оқуды өнер - білімнен үйрену керек екен ғой!
Өнерді оқу - білімнен үйренген Абай артына мол қазына қалдырып кетті.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсең де өзің біл.
Он жетінші қара сөзінен үзінді. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Жүрек: Мен адам баласын алаламаймын.
Жақсылыққа елжіреп еритұғын мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын мен, әділет - нысап, ұят, рақым, мейірманшылдық дейтұғын нәрселерлдің бәрі менен таралады.
Ей, ақыл! Амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман.
- ей, қайрат, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
Ортаға ой таластырған үшеуге әділ төрелік айтуға Білім ата келеді. басына шалма ораған, ойлы, қолында кітап.
Білім: Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Мұғалім: Біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның қарасөздерінің білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз.
Қазақ халқының тарихында Абай атамыздың алатын орны ерекше, оның қаламынан қазақтың ән - өнерін дамытқан тамаша әндер туды.
Желсіз түнде жарық - ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбдырласып өзді - өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.


Скачать


zharar.kz