Геометриялық фигуралар Геометриялық фигураларды атау

Скачать

Математика
Тақырыбы: Білімдерін тиянақтау
Мақсаты: Өтілген тақырыптардан алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу. Ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, дүние танымын дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер, қима қағаздар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы,
Әдісі: Ойындар, саяхат,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық
Мойнымызды бұрайық
Бір – бірімізге қарайық
Күліп – күліп алайық
Қызығушылықты ояту. Оқушылар біз 4 жыл бойы математика пәнін оқыдық.
Математика пәні бізге не үйретті? (Балалар жауап береді.) Математика – ғылымдардың патшасы. Математикасыз бірде - бір ғылым өз алдына дербес ғы - лым бола алмайды. т. б. Бүгін біз математика әлеміне саяхат жасаймыз. Сая - хатта бірнеше аялдама бар, соларға тоқтаймыз.

1 - ші аялдама. Сандар
- Сандар туралы не білдік? Натурал сандар дегеніміз не?
- Заттарды санағанда қолданылатын сандар. Олар 1, 2, 3,....
Сандар кластарға бөлінеді, әр класта 3 разряд бар.
Сандарды жазу 1. Елу бес мың төрт жүз қырық сегіз.
2. Үш миллион жеті жүз алпыс бес мың төрт жүз сексен бес.
3. Қырық үш мың елу

2 - ші аялдама. Арифметикалық амалдар
96713
+
4564
________

184132
-
9880
________

278
х
38
________
2967
х
305
________
319490: 86

3 - ші аялдама. Өрнектер
Өрнек туралы не білеміз?
Әріпті өрнек,
санды өрнек - қосынды айырма көбейтінді бөлінді
Өрнекті ықшамдау
64 + х + 912
в + 72865 + 7
827 х + 96451
4 - ші аялдама. Сергіту сәті. Қызықты ребус

5 - ші аялдама. Теңдеулер
Теңдеу құр:
А) Белгісіз санды 33 - ке бөліп нәтижеге 243 - ті қосқанда 400 шықты.
Ә) Ойлаған санға 2432 - ні қосқанда 5675 шықты. Ойлаған санды тап.
6 - шы аялдама. Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигураларды атау.

7 - ші аялдама Есептер
Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады.
Саяжайдан жиналған құлпынайдан 3 литрлік 4 банка, ал қарақаттан 2 литрлік 8 банка тосап қайнатылды. Барлығы неше литр тосап қайнатылды?
Қ. 3 л – 4 б -----------? л ------------ Ш: 3х4+2х8 =28 (л)
Қ. қ. 2 л - 8 б -------------------------- Ж: барлығы 28 литр тосап.

8 - ші аялдама Логикалық есеп
Екі шырпыны ауыстырып сиырды артқа қарат.

9 - шы аялдама Қорытынды
Математика әлемі туралы не білдік?
Не білгілерің келеді?
10 - шы аялдама Бағалау
11 - ші аялдама. Үй тапсырмасы.№5. 267 бет.


Скачать


zharar.kz