Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға теңдеу құру, шешу, жанама тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шешу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу
құралдарын дайындау.
Күн шуағы
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
Бір, екі, үш,
Отырамыз тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Шешу: 10500: 5=2100
2100+1670=3770
10500 - 2100 - 3770= 4630
Жауабы: Әдебиет - 2100
Көркем әдебиет - 3770
Қалғаны - 4630
Қызығушылықты ояту
(122+18): 70= Е
(64: 8+20): 7= Е
20•(26+14): 100= Ң
1•(30+2)- 4•4= Д
5•4+12= Т
400 - 300 - 36= У
Теңдеу дегеніміз құрамына
енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік
Х×3=10×3
х×3=47−17
теңдеулерінің шешу тәсілдерін түсіндіру
№1
Теңдеулерді шеш және тексер
І топ:
х+20•8=2600
х - 560: 7=20000
ІІ топ:
40•6+х=9400
3090: 10 - х=209
ІІІ топ:
х•(40: 4)=12600
х: (36+64)=543
ІҮ топ:
(190 - 90)•х=38600
19200: 10: х=10
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы, Жымпиты ауылы,
Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Анесова Арайлым Сайнқызы
Теңдеу және оны шешу тәсілдері жүктеу