Ойын Жарнама орнату

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Процент. Берілген санның процентін табу.
Мақсаты:
1. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыту.
2. Ойын элементтері арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Экономикалық мазмұндағы есептер шығару арқылы экономикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Алгоритм, формула, суреттер, бағалау кестесі.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорытындылау.
Әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Мотивация.

Процентті ондық бөлшек түрінде жазу, кесте толтыру. Жауаптарын тақтадан тексере отырып, берілген ондық бөлшекті өсу ретімен орналастыру арқылы Экономика сөзін шығарады. Бүгінгі сабағымыз экономика саласымен байланысты болатынын айту.

IV. Өткенді еске түсіру. Өзара сұрақ - жауап арқылы іске асыру.
а) Процент ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
в) Натурал санды немесе бөлшекті процентпен жазу үшін не істейміз?
с) Процентті бөлшекке қалай айналдырамыз?
д) Мысалдар келтіріңдер.
1. Кім туға бұрын жетеді? ойынын ойнату. Ондық бөлшекті, жай бөлшекті процентке айналдыру. Екі топқа бөлініп жарысады.
2. Ойын Жарнама орнату . Бағанаға жарнамалар орнату үшін баған орналасатын жерді анықтау керек.
Ол үшін: 500 км жолдың қандай бөлігінде қандай мекеме орналасқанын анықтап, соған сәйкес жарнамаларды жапсыру керек.
Электрлік құрылғылар жолдың - 10%, ұн зауыты - 20%, банк - 25%, шаштараз - 5%, асхана - 70%, АЗС - 50%, фабрика - 80%, компьютер орталығы - 60% неше км екенін анықтау керек.
50 км, 100 км, 125 км, 25 км, 350 км, 250 км, 400 км, 300 км - ге тиісті жерлерге орнатылады.


Скачать


zharar.kz