Математика 2 сынып
Тақырыбы: Сандардың ондық құрамы. Ондық Бірлік
Мақсаты: екі таңбалы сандар, ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Екі таңбалы сандарды құрамына ажырата білуге үйрету.
2. Ойлау, есептеу дағдыларын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, түсіндіру
Көрнекілігі: тірек сызбасы
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Шеңберге тұрып, бір - біріне сабақта сәттілік тіледі.
ІІ. Өткенді пысықтау.
Бұл мәлімет Шындық па Жалған ба? стратегиясы
Берілген сандардың ішінен екі таңбалы сандарды Шындық бөліміне
Жалған бөліміне бір таңбалы сандарды жазып екі бөлімдегі сандардың айырмашылығын айтады.
6, 78, 2, 54, 0, 88, 1, 92, 7, 100, 5, 213, 46.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылардың талдауымен жаңа тақырыпты шығарту.
Оқушыларға сандарды құрамына талдату.
Есептеу машинасы ойыны
Математикалық өрнектер оқимын. Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған парақшалардың көмегімен өрнектердің мәнін көрсетеді.
2+1+7 - 8+10 - 2 - 4+1
6+2 - 4+4 - 3+5 - 2 - 4 - 2
4 - 3+9 - 8+7 - 3+2 - 6+3
IV. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген №1 тапсырманы ауызша орындау.
V. Тақтамен, дәптермен жұмыс.
№2
10+3=
8 - 3=
90 - 40=
50+20=
3+6=
15+5=
10 - 4=
21 - 1=
№3
Ақеркеде 10 қарындаш бар, ал Нұрланда одан 2 қарындаш кем. Нұрланда неше қарындаш бар?
Шарты: ------------------------------ Шешуі: 10 - 2=8(қ)
Ақеркеде - 10қ --------------------- Жауабы: Нұрланда 8 қарындаш.
Нұрланда -? 2қ кем
№4
Математикалық диктант Дұрыс немесе бұрыс
Дұрыс және бұрыс математикалық амалдарын оқимын. Оқушылар дәптерге дұрыс болса + , бұрыс болса - таңбасын қояды. Содан кейін мұғалімнің тақтада жазып қойған жауаптарымен салыстырып, қателерін түзеп, өздерін бағалайды.
- 7 - нің алдында тұрған сан 5.
- 4 - тің алдында тұрған сан 3.
- 8 - ден кейін тұрған сан 10.
- 8+2 өрнегі 10 - ға тең.
- 9 бен 7 - нің айырмасы 2 - ге тең.
- 4 саны 5 – тен кіші.
- 2+7өрнегі 9 - ға тең.
VІ. Қорытынды.
Үш ұйғарым стратегиясы
Жұптасып 2 екі таңбалы, 1 бір таңбалы сан жазып, оны көршілеріне береді. Сыныптастары екі таңбалы сандарды құрамына талдайды.
VІІ. Үйге тапсырма.
VІІІ. Бағалау