Білім министрлігінің түлектердің лимузин жалдауына тыйым салуға қауқары жоқБілім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ

Скачать

Білім министрлігінің түлектердің лимузин жалдауына тыйым салуға қауқары жоқ

Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл Асылова түлектердің бітіру кешін шабылып өткізуін ата-аналарының қалауына қалдырамыз деді.

Түлектердің бітіру кешіне білім министрлігі қанша тыйым салдық десе де, жастар жыл сайын сән салтанатпен өткізіп жатады. Түлектер ата-анасының қалтасын қақса да, қымбат кортеж жалдап, сәнді киінуге тырысады. Салонға барып әрленіп, барынша шабылып өткізу соңғы жылдары заңды құбылысқа айналған. Ал, қалтасы таяздау ата-аналар қанша қынжылса да, баласын қатарынан қалтырғысы келмей қалағанын орындауға тырысады. Бітіру кешінің осынша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ. Вице-министр "мектепте ақша жинауға тыйым салынғанын, ата-аналарға түсіндіргендерін" айтады. Тіпті, түлектердің бітіру кеші тек мектепте ғана өтуін қадағалауды директорлардың құлағына құйып қойыпты. Бірақ, ата-аналар комитеті мектептен тыс жерде салтанатты кеш ұйымдастырса оған тыйым салуға министрліктің де құзыры жүрмейді екен.

БИБІГҮЛ АСЫЛОВА, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
- Бітіру кештері мектептің ішінде өтуі тиіс. Ал, басқа жерде өткізуді ата-аналар комитеті өздері шешіп жатады. Министрлік ақша жинау, қымбат дүниелерді жалға алу сияқты идеяларды қолдамайды. Бірақ, тыйым да сала алмаймыз.

Дереккөзі: 31


Скачать


zharar.kz